Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде қытай тілі мен мәдениетін меңгеріп жүрген дарынды студенттердің басын қосқан «Қытай тілі көпірі» халықаралық байқауының республикалық кезеңі өтті.

Беделді зияткерлік байқау қорытындысы бойынша Университетіміздің шығыстану факультеті шығыс тілдері аударма кафедрасының білім алушылары жоғары тілдік дайындық деңгейін, шешендік шеберлігін және қытай мәдениетін терең меңгергендігін көрсетіп, үздік нәтижелерге қол жеткізді. Қатысушылардың сенімді өнер көрсетуі, қытай тілін еркін меңгеруі және шығармашылық көзқарасы қазылар алқасы мен көрермендер тарапынан жоғары бағаланды.
Тимофеев Станислав – І орын
Желдербаева Гаухаржан – ІІ орын
Хамза Томирис – VII орын

І орын иегері Тимофеев Станислав Бейжің қаласында өтетін «Қытай тілі көпірі» халықаралық байқауында Қазақстанның намысын қорғайтын болады.
Студенттердің әрбір жетістігінің артында оқытушылардың қажырлы еңбегі тұр. Қатысушыларды дайындау Шығыс тілдері аударма кафедрасының оқытушылары мен Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ жанындағы Конфуций институтының жетекшілерімен бірлесіп жүзеге асырылды. Олардың кәсібилігі, жүйелі дайындығы және студенттерге көрсеткен қолдауының нәтижесінде республикалық деңгейде жоғары нәтижелерге қол жеткізілді. Келесі оқытушылар мен жетекшілерге алғыс білдіреміз: Турсынали Жазира, Езмахунова Арзыгүл Розахунқызы, Ашимбаева Асем Қуатбекқызы Ху Хунъюй.

Жеңімпаздарды, қатысушыларды және олардың жетекшілерін лайықты жетістіктерімен құттықтай отырып, алдағы уақытта толағай табыс, жаңа жеңістер және халықаралық деңгейдегі биік белестерді бағындыруларына тілектестік білдіреміз!
.png)






















