Алматы қаласында жастар шығармашылығын қолдауға бағытталған дәстүрлі Jas Gala 2026 қалалық көктемгі шығармашылық фестивалі өтті. Ауқымды фестиваль талантты студент жастардың басын қосып, олардың өнер, музыка, медиа және шығармашылық индустриялар саласындағы қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді.
![]() |
![]() |
Фестиваль аясында Ablai Khan University студенттері университет намысын жоғары деңгейде қорғап, жүлделі номинациялардың иегерлері атанды 🎉
🎼 ХҚФ 1-курс магистранты Әбжәмиев Айбек музыкалық аспапта орындау бағыты бойынша өнер көрсетіп, өзінің таланты мен шығармашылық шеберлігі үшін «Жас Дарын» номинациясын иеленді.
📱 ШТПФ 1 жеделдетілген курс студенті Оспан Ақерке мобилография бағыты бойынша қатысып, креативті көзқарасы мен сапалы видеомонтаж жұмысы үшін «Үздік монтаж» номинациясымен марапатталды.
Жеңімпаздар дипломдармен, арнайы марапаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Ablai Khan University студенттеріміздің жетістіктерін мақтан тұтады және оларды шын жүректен құттықтайды! Осындай жеңістер — жастардың шығармашылық ізденісі мен еңбегінің нәтижесі. Сіздерге толағай табыс, шығармашылық шабыт, жаңа жобалар мен биік белестер тілейміз!


.png)






















