2026 жылғы 21–22 мамыр күндері Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университеті базасында «6B01705 — Шетел тілі: екі шетел тілі» (француз және неміс тілдері) білім беру бағдарламалары бойынша XVIII Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.
![]() |
![]() |
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті Педагогикалық шетел тілдері факультетінің студенттері университет намысын абыроймен қорғап, тілдік дайындықтың жоғары деңгейін, кәсіби құзыреттіліктері мен шетел тілдерін меңгеру шеберлігін көрсетті.
Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған студенттер:
- Амангелді Жанел (француз тілі) — I орын
Ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Бесирова Н.С.
- Серикова Айзере (француз тілі) — III орын
Ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Жангарбаева С.Г.
- Баянов Бекзат (неміс тілі) — III орын
![]() |
![]() |
Ғылыми жетекшісі: профессор Камзина Ж.З.
Студенттер мен олардың ғылыми жетекшілеріне университетті республикалық деңгейде лайықты таныстырғаны үшін алғыс білдіреміз.
Жеткен жетістіктеріңіз жаңа белестерді бағындыруға және кәсіби дамуға серпін берсін!




.png)






















