2026 жылғы 22 мамырда Ablai Khan University-де университеттің ең белсенді, талантты әрі бастамашыл студенттерін біріктірген дәстүрлі «AU Awards 2026» жыл сайынғы марапаттау рәсімі өтті.
![]() |
![]() |
Іс-шараның басты мақсаты – студенттердің университеттің қоғамдық, мәдени, ғылыми және әлеуметтік өмірін дамытуға қосқан үлесін атап өту, жастар бастамаларын, көшбасшылық қасиеттерді және белсенді азаматтық ұстанымды қолдау болды.
Салтанатты рәсім барысында университеттің қоғамдық өміріне 4 жыл бойы белсенді қатысып, көшбасшылық қасиеттерін көрсеткен, түрлі жобаларды ұйымдастырып, университет намысын әртүрлі алаңдарда абыроймен қорғаған 22 түлек марапатталды.
Сонымен қатар, Ablai Khan University студенттік қауымдастығының дамуына елеулі үлес қосқан 1, 2 және 3 курс студенттері арасындағы 100-ден астам белсенді студент алғыс хаттармен және естелік марапаттармен марапатталды. Сондай-ақ факультеттер мен студенттік клубтардың көшбасшыларына ерекше құрмет көрсетілді. Олар оқу жылы бойы жастар бастамаларын дамытып, түрлі іс-шараларды ұйымдастырып, университеттің студенттік ортасын нығайтуға үлес қосты.
![]() |
![]() |
Кештің мерекелік бағдарламасы студенттердің жарқын шығармашылық өнер көрсетуімен жалғасты. Іс-шара қонақтарының алдында 1 курс магистранты Әбжәмиев Айбек, МжХКФ факультетінің 4 курс студенті Жамбылай Нартай және ШТПФ факультетінің 2 курс студенті Абсенов Ернур өнер көрсетті.
Салтанатты кеш барысында университет басшылығы студенттерге белсенділіктері, бастамашылдығы және университет құндылықтарына адалдығы үшін алғысын білдіріп, жастар әлеуетін дамыту мен студенттік өзін-өзі басқаруды қолдаудың маңыздылығын атап өтті.
«AU Awards 2026» рәсімі Ablai Khan University – әр студент өз қабілетін ашып, идеяларын жүзеге асырып, университет қауымдастығының дамуына үлес қоса алатын мүмкіндіктер алаңы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.




.png)






















