«Шығыстану» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттерінің академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру аясында 2026 жылғы 28 мамырда Жапониядағы алдағы өндірістік практикаға арналған нұсқаулық конференция өткізілді.
![]() |
![]() |
Конференция жұмысына Шығыстану факультетінің деканы Кагазбаева Э.М., Шығыстану кафедрасының меңгерушісі Есеркепова Ж.О., тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Ершова Д.В., аға оқытушы, топ кураторы Салимова Г.Ж., сондай-ақ тағылымдамаға жіберілетін 8 студент қатысты.
Кездесу барысында шетелде практиканы өткізуге байланысты негізгі ұйымдастырушылық және академиялық мәселелер талқыланды: тағылымдаманың мақсаттары мен міндеттері, қабылдаушы тараптың талаптары, оқу процесінің ерекшеліктері, сондай-ақ халықаралық білім беру ортасындағы академиялық тәртіп пен студенттердің мінез-құлық нормалары.
Сонымен қатар мәдени бейімделу және мәдениетаралық коммуникация мәселелеріне ерекше назар аударылды. Студенттерге Жапонияда болу ережелері түсіндіріліп, университеттің шетелдегі беделін жауапкершілікпен таныту маңыздылығы атап өтілді.
Жапониядағы тағылымдама - болашақ шығыстанушы мамандарды кәсіби даярлаудың маңызды кезеңі. Ол тілдік құзыреттерді дамытуға, академиялық тәжірибені кеңейтуге және мәдениетаралық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
Конференция қорытындысы бойынша студенттерге тағылымдаманы сәтті өткізуге арналған ұсынымдар беріліп, нәтижелі әрі жемісті жұмыс тіленді.


.png)






















