2026 жылғы 11 маусымда Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде «Қытай - Орталық Азия: Цифрлық Жібек жолы, білім және жасанды интеллект» BRI-2026 халықаралық форумы өтті.
![]() |
![]() |
Форумды Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті мен Чжэцзян университеті ұйымдастырды. Іс-шара Қытай Халық Республикасының Алматы қаласы Бас консулдығының, Орталық Азия Университетінің, Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз Ұлттық университетінің, Фудань университетінің, Шанхай Цзяо Тун университетінің, Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының, «Қазақстан Tourism ҰК» АҚ, Қазақстандық туристік қауымдастық және Қазақстандық қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығы қатысуымен өткізілді.
BRI-2026 Халықаралық форумы «Бір белдеу - бір жол» бастамасы аясында Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылау үшін беделді алаңға айналды. Форум барысында Цифрлық Жібек жолын дамытуға, білім, ғылым, инновация және цифрлық технологиялар салаларындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ жаһандық цифрлық трансформация жағдайында өңір мемлекеттерінің орнықты дамуын қамтамасыз етуге бірлескен тәсілдерді әзірлеуге ерекше назар аударылды.
Форум жұмысына дипломатиялық корпус өкілдері, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан және Италияның жетекші университеттерінің басшылары мен өкілдері, халықаралық білім беру және ғылыми-зерттеу ұйымдарының, талдау орталықтарының, салалық бірлестіктердің, туристік индустрия мен экономиканың креативті секторының өкілдері, сондай-ақ профессорлық-оқытушылық құрамы, докторанттар, магистранттар мен студенттер қауымы қатысты.
![]() |
![]() |
Форумда Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ Басқарма Төрағасы - Ректордың міндетін атқарушы, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Дана Ануварбековна Кунанбаева, Қытай Халық Республикасының Алматы қаласы Бас консулдығының білім беру мәселелері жөніндегі консулы Хуан Сяомин (Huang Xiaomin), Орталық Азия университетінің ректоры, профессор Кристофер Герри, сондай-ақ Чжэцзян университетінің профессоры Ван Чжикай (Wang Zhikai) сөз сөйледі.
Спикерлер өз сөздерінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің қарқынды дамуы жағдайында Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Жоғары білікті мамандарды даярлауда, инновацияларды дамытуда, академиялық ұтқырлықты кеңейтуде және бірлескен зерттеу жобаларын іске асыруда университеттер мен ғылыми-білім беру орталықтарының рөліне ерекше назар аударылды.

Форум аясындағы маңызды оқиғалардың бірі «Бір белдеу - бір жол» бастамасы шеңберінде инновациялар және цифрлық ынтымақтастық жөніндегі зерттеу альянсын құру туралы Келісімге қол қоюдың салтанатты рәсімі болды. Альянсты құру халықаралық ғылыми өзара іс-қимылды дамытуға, бірлескен зерттеу жобаларын іске асыруға және қатысушы елдердің университеттері мен ғылыми орталықтары арасындағы академиялық әріптестікті нығайтуға бағытталған.
Секциялық отырыстар шеңберінде өз елдерінің жетекші университеттері мен ғылыми ұйымдарының атынан Қазақстан, Қытай Халық Республикасы, Түркия, Италия және Қырғыз Республикасынан 25-тен астам зерттеушілер мен сарапшылар баяндама жасады. Қатысушылар ғылыми зерттеулердің нәтижелерімен таныстырып, «Бір белдеу - бір жол» бастамасын іске асыру аясында цифрлық трансформация, жасанды интеллект, халықаралық ынтымақтастық, білім беру, экономика және тұрақты дамудың өзекті мәселелерін талқылады.




.png)






















