Құттықтаймыз!
6В02201 - «Шығыстану» білім беру бағдарламасының студенті Арғынқызы Арша дипломалды өндірістік практикасын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде сәтті өтті.
![]() |
![]() |
Практика студентке теориялық білімін іс жүзінде қолдануға, дипломатиялық қызметтің ерекшеліктерімен танысуға және кәсіби тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді. Мұндай тәжірибе болашақ маманның кәсіби құзыреттерін нығайтып, халықаралық қатынастар саласындағы білікті маман болып қалыптасуына маңызды үлес қосады.
20 маусым күні Арғынқызы Арша өндірістік практикасын сәтті аяқтап, оның өткенін растайтын барлық қажетті құжаттарды, сондай-ақ өзіне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен, кәсіби деңгейде және адал атқарғаны үшін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсыныс хатын алды.
Бұл жетістік студенттің болашақ маман ретінде кәсіби құзыреттерін нығайтып, халықаралық қатынастар саласындағы білікті маман болып қалыптасуына маңызды үлес қосады. Арғынқызы Аршаны осы маңызды жетістігімен құттықтап, кәсіби жолында толағай табыстар тілейміз!
Шығыстану кафедрасы Арғынқызы Аршаның ҚР Сыртқы істер министрлігінде өтуіне мүмкіндік жасаған университетіміздің Практика және жұмысқа орналастыру орталығына алғыс білдіреді!


.png)






















