Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ және И.Н. Ульянов атындағы Ульяновск мемлекеттік педагогикалық университеті (РФ) арасындағы Ынтымақтастық туралы келісім-шарт негізінде лингвистика және ақпаратты-коммуникациялық технологиялар кафедрасының профессоры, п.ғ.д. Қонакова Клара Өмірзаққызы 20 қараша 2025 жылы - 21 маусым 2026 жылы аралығында өткен «Менің интеллект-траекториям» VII Халықаралық ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсына (бұдан әрі - Конкурс) қатысты. Байқау студент жастарды ғылыми-зерттеу іс-әрекетіне баулу және ғылымның әлеуметтік лифт ретіндегі рөлі туралы түсінік қалыптастыру арқылы олардың кәсіпаралық дағдыларын дамытуға бағытталған.

Профессор Қонақова Қ.У. үш кезеңде өткен аталған Конкурстың сараптау комиссиясының мүшесі ретінде шақырылды. Әр кезеңде конкурсқа қатысушылар ғылыми жобаның негіздемесін, таныстырылымдармен ауызша сөйлеген сөздерін, жобаның тақырыбы бойынша ғылыми мақалаларын ұсынды. Бағалау критерийлеріне сәйкес сараптамалық комиссия әр кезеңде жұмыстарға «соқыр рецензия» жүргізді, нәтижесінде «оқушы, студент, жас ғалым» санаттары бойынша жеңімпаздар анықталды.
Конкурстың ұйымдастыру комитеті профессор К.У. Қонаковаға сараптау комиссия мүшесі ретінде қатысқаны үшін алғыс айтады және одан әрі ынтымақтастыққа үміт білдіреді.
Баяндина С.Ж., ф.ғ.д., лингвистика және
ақпаратты-коммуникациялық технологиялар
кафедра меңгерушісі
.png)






















