2026 жылғы 26 маусымда Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде Қазақстандағы Erasmus+ бағдарламасы Ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі Лаура Қалабайқызы Палуанованың қатысуымен ақпараттық кездесу өтті.

Іс-шара халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және Еуропалық Одақтың жобаларына қатысуға қызығушылық танытқан университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерін біріктірді.
Университет көптеген жылдар бойы Erasmus+ бағдарламасының белсенді қатысушысы болып келеді және Еуропаның жетекші жоғары оқу орындарымен академиялық ұтқырлық жобаларын табысты жүзеге асырып келеді.
Кездесу барысында Лаура Қалабайқызы Erasmus+ бағдарламасының жаңа конкурстары туралы өзекті ақпарат ұсынып, қазақстандық жоғары оқу орындарының Capacity Building in Higher Education (CBHE), Jean Monnet, Erasmus Mundus, International Credit Mobility (KA171) және бағдарламаның басқа да бағыттары бойынша қатысу мүмкіндіктеріне ерекше тоқталды.
Сонымен қатар, кездесу барысында бәсекеге қабілетті жобалық өтінімдерді әзірлеудің практикалық мәселелері, халықаралық консорциумдарды қалыптастыру, шетелдік серіктестерді іздеу және конкурстық іріктеудің негізгі талаптары жан-жақты қарастырылды. Қатысушылар жобаларды дайындауға қатысты тәжірибелік ұсынымдар алып, университетте Erasmus+ бастамаларын іске асыруға байланысты өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, тәжірибе алмасуға, болашақ ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылауға және университеттің халықаралық жобаларды әзірлеу әлеуетін нығайтуға ықпал ететін тиімді алаңға айналды.
Абылай хан университеті Қазақстандағы Erasmus+ бағдарламасы Ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі Лаура Қалабайқызы Палуановаға мазмұнды кездесуі, кәсіби кеңестері және жоғары білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін шынайы алғысын білдіреді.
.png)






















