2026 жылғы 2 шілдеде Шығыстану факультетінде 2026 жылғы түлектерге диплом табыстау салтанаты жоғары деңгейде өтті. Бұл күн университет өміріндегі ең жарқын да әсерлі сәттердің біріне айналып, түлектер, оқытушылар, ата-аналар мен қонақтар үшін ерекше мәнге ие болды. Салтанатты кеш қуаныш пен толқынысқа, жүрекжарды құттықтаулар мен ізгі тілектерге толы болды.

Мерекелік рәсім барысында бітіруші түлектерге жоғары білім туралы дипломдар табысталды. Бұл - олардың бірнеше жыл бойы білім жолында аянбай еңбек етіп, ізденіс пен табандылық танытып, университет қабырғасында жинаған білімдері мен тәжірибесінің заңды нәтижесі. Әрбір түлек үшін бұл күн студенттік шақтың жарқын белесін қорытындылап, үлкен өмірге бастар жаңа кезеңнің бастауы болды.
Салтанатты жиын аясында факультеттің қоғамдық, мәдени, ғылыми және шығармашылық өміріне белсене араласып, белсенділігімен, жауапкершілігімен және бастамашылдығымен ерекшеленген түлектерге ерекше құрмет көрсетілді. Факультет өміріне қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар белсенді студенттерге факультет деканы Э. М. Кагазбаеваның Алғыс хаттары табысталды.
![]() |
![]() |
Іс-шара бағдарламасындағы ерекше сәттердің бірі - әскери кафедрада білім алған түлектерді құрметтеу рәсімі болды. Салтанатты жағдайда оларға погондар табысталып, «запастағы лейтенант» әскери атағы берілді. Бұл олардың тәртібі, сапалы даярлығы және ел игілігі жолындағы қызметке дайын екендігінің айқын дәлелі болып табылады. Түлектерге погондарды запастағы полковник А. К. Сүлейменов табыстады.
Диплом табыстау салтанаты шынайы қуанышқа, мақтаныш пен ризашылыққа толы ерекше атмосферада өтті. Түлектерге арналған ақжарма тілектер мен жылы лебіздер, ата-аналардың толқынысы, ұстаздардың қолдауы мен жастардың шат күлкісі бұл күннің маңызын арттыра түсті.
Шығыстану факультеті 2026 жылғы түлектерді оқуын сәтті аяқтауымен шын жүректен құттықтай отырып, оларға жарқын болашақ, кәсіби табыс, биік белестер, шығармашылық шабыт пен толайым жетістік тілейді. Университет қабырғасында алған білім мен тағылым алдағы өмір жолдарында сенімді тірек болып, үлкен мақсаттарға жетелей берсін!


.png)






















