2026 жылғы 13-18 шілде аралығында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті роман тілдері кафедрасының оқытушылары Р.М. Бақтиярова, Д.А. Турдиева және Н.С. Бесирова Францияның Ницца қаласындағы Франкофониа университетінде біліктілікті арттыру бағдарламасынан өтті.
Бағдарлама француз тілін оқытудың заманауи әдістемелерін меңгеруге, кәсіби құзыреттерді дамытуға және шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасуға бағытталды. Осы кезеңде университеттің француз тілін меңгеріп жатқан студенттері де Франкофония университетінде тілдік тағылымдамадан өтті. Французтілді ортада білім алу олардың тілдік және коммуникативтік дағдыларын жетілдіруге, сондай-ақ Францияның мәдениеті туралы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік берді.
Бағдарламаға қатысу халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ оқытушылар мен студенттердің тілдік даярлығының сапасын арттыруға маңызды үлес қосты.
.png)






















