10 тамызда Қазақстанда ұлы қазақ ақыны, ойшыл, композитор және қазақтың жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай Абай күні ресми түрде атап өтіледі. 2026 жылғы 10 тамызда Басқарма Төрағасы – Ректордың м.а. Д.А. Кунанбаеваның басшылығымен Ablaikhan University делегациясы Алматы қаласындағы Абай алаңында өткен Абай Құнанбайұлына гүл қою рәсіміне қатысты. Салтанатты рәсімге Алматы қаласының әкімі Д. Сатыбалды, сондай-ақ білім, ғылым және өнер саласының көрнекті өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев барша қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтап, ұлы ойшылдың идеялары қазіргі Қазақстанның қоғамдық құндылықтарын қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Мемлекет басшысы олардың қатарында «Адал азамат», «Таза Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» қағидаттарын атап көрсетті.
.png)






















