Бүгін ерекше күн — университет жаңа оқу жылына өз есігін айқара ашады! Абылай хан атындағы университет тағы да студенттердің күлкісіне, жалынды энергиясы мен жаңа белестерді бағындыруға деген құштарлығына толы.
Бірінші курс студенттері, отбасымызға қош келдіңіздер!
Сендер үшін бұл күн — мүлдем жаңа, ересек әрі жарқын өмірдің бастауы. Үлкен сыннан өтіп, емтихандарды сәтті тапсырдыңдар, енді еліміздің жетекші тілдік және гуманитарлық жоғары оқу орындарының бірінің студентісіңдер! Осы жерде адал достар, білікті тәлімгерлер тауып, шет тілдері мен ғылым арқылы бүкіл әлемді танисыңдар. Ештеңеден қорықпай, алға қарай нық қадам басыңдар!
Жоғары курс студенттері, қара шаңыраққа қош келдіңіздер!
Сендер кәсіби мақсаттарыңа тағы бір жылға жақындадыңдар. Алда жаңа сессиялар, қызықты жобалар, тәжірибе және, әрине, студенттік өмірдің ұмытылмас сәттері күтіп тұр. Бұл жыл сендерге үлкен академиялық жетістіктер мен жаңа шыңдар әкелсін!
Ұстаздарымызға сарқылмас шабыт, мықты денсаулық және білімге құштар алғыс білдіретін студенттер тілейміз. Сіздердің өз ісіңізге деген адалдығыңыз бен күнделікті еңбектеріңіз, бізбен бөлісетін білімдеріңіз бен тәжірибелеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Сіздер біздің болашағымызды қалыптастыруға зор үлес қосып келесіздер.
Бұл оқу жылы әрқайсымыз үшін табысты, жеңіл әрі нәтижелі болсын! Мереке құтты болсын!
.png)






















