Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы – Ректор Дана Ануварбекқызы Құнанбаеваның жетекшілігімен университет делегациясы Қытай Халық Республикасының құрылғанына 77 жыл толуына орай Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулдығы ұйымдастырған салтанатты қабылдауға қатысты.

Іс-шара барысында ҚХР-дың Алматыдағы Бас консулы Фанцю мырза Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ делегациясын жылы қарсы алып, Қазақстан мен Қытай арасындағы достық және өзара тиімді байланыстарды одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Университет атынан Дана Әнуарбекқызы Құнанбаева ҚХР-дың Алматыдағы Бас консулын және Бас консулдықтың қызметкерлерін ұлттық мерекемен құттықтап, Қытай Халық Республикасына одан әрі өркендеу, тұрақтылық пен жаңа жетістіктер тіледі.
Іс-шара университеттің халықаралық байланыстарын нығайтуға және Қытайдың дипломатиялық әрі білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған маңызды алаң болды. Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ Қытай Халық Республикасының жоғары оқу орындарымен академиялық ұтқырлық, білім беру бағдарламалары, қытай тілі мен мәдениетін оқыту, сондай-ақ бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды іске асыру бағыттарында белсенді ынтымақтастық орнатып келеді.
Мұндай кездесулер Қазақстан мен Қытай арасындағы гуманитарлық және білім беру байланыстарын кеңейтуге, сондай-ақ академиялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал етеді.
.png)






















