2026 жылғы 23 қыркүйекте Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Конституция айналамызда» атты интерактивті квест ұйымдастырылды.

Іс-шара университеттің №1 оқу ғимаратының алаңында өтіп, студенттерге Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі қағидаттары мен азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін дәстүрлі емес, қызықты әрі интерактивті форматта толықтыруға мүмкіндік берді.
Квест бағдарламасы ойын, сұрақ-жауап, логикалық және шығармашылық тапсырмалардан құрылды. Қатысушылар Конституцияның қоғам мен мемлекет өміріндегі рөлі, адамның негізгі құқықтары мен бостандықтары, азаматтық жауапкершілік, заң мен құқықтың күнделікті өмірдегі маңызына қатысты тапсырмаларды орындап, өз білімдерін сынады.
Іс-шара аясында университет алаңында 5 арнайы станция ұйымдастырылды. Қатысушылар белгіленген бағыт бойынша әр станциядан кезекпен өтіп, ұсынылған тапсырмаларды орындады. Әр кезең өзіндік мазмұны мен тапсырмалар форматына ие болып, студенттердің тек теориялық білімін ғана емес, логикалық ойлауын, жылдам шешім қабылдауын, топпен жұмыс істеу және өз пікірін дәлелдей білу дағдыларын да дамытуға бағытталды.

Квестке қатысушыларға арнайы Quest-карточкалар берілді. Әр станциядағы тапсырманы сәтті орындағаннан кейін карточкаға тиісті белгі қойылып отырды. Осылайша студенттер кезең-кезеңімен барлық станциядан өтіп, Конституция туралы білімдерін тәжірибелік және ойын форматында бекітті.
Интерактивті формат студенттерге құқықтық тақырыптарды тек теориялық тұрғыдан қарастырып қана қоймай, олардың күнделікті өмірмен тікелей байланысын түсінуге мүмкіндік берді. Қатысушылар түрлі жағдаяттарды талдау, сұрақтарға жауап беру және шығармашылық тапсырмаларды орындау арқылы өз құқықтары мен міндеттері жөніндегі түсініктерін кеңейтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында Қазақстан Республикасы Конституциясының маңызы мен құндылықтарын кеңінен насихаттау, студенттердің құқықтық сауаттылығы мен құқықтық мәдениетін арттыру, заңға құрметпен қарауды және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру.
Осындай интерактивті іс-шаралар жастардың қоғамдық-құқықтық мәселелерге қызығушылығын арттырып, белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар ойын элементтері арқылы берілген ақпарат студенттердің құқықтық білімді жеңіл қабылдауына және оны күнделікті өмірдегі нақты жағдайлармен байланыстыра білуіне мүмкіндік береді.

Квесттің барлық кезеңінен белсенді өткен студенттерге іс-шара соңында естелік сыйлықтар табысталды.
Университет студенттерінің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілігін арттыруға және жастардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Іс-шараға белсенді қатысып, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсеткен барлық студенттерге алғыс білдіреміз!
.png)






















