30 қазанда Аударма және филология факультетінде Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен салтанатты түрде ашылды.
![]() |
![]() |
Мерекелік бағдарламада студенттер патриоттық әндер, ұлттық және заманауи билер, танымдық викториналар мен шығармашылық қойылымдар ұсынды. Әсіресе Қазақстан халқының достығы мен бірлігін, өзара сыйластығы мен татулығын бейнелейтін «Бір шаңырақ астында» атты сахналық қойылым көрермендердің ерекше ықыласына бөленді.

Концерт Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен қорытындыланды. Мерекелік шара залға жиналған қауымның бойында патриоттық рухты оятып, туған елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін нығайтты.
Ұйымдастырушылар: Аударма және филология факультетінің Шет тілдер сөйлеу тәжірибесі кафедрасы мен Роман тілдері кафедрасы


.png)






















