Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 75-жылдық мерейтойын тойлау қарсаңында университетіміздің педагогика және психология кафедрасының ұйымдастыруымен, осы мерейтойға арналып 23.02.2017 ж. дәстүрлі «Мен ұстаз болғаныма мақтанамын» атты психологиялық-педагогикалық олимпиада өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты: болашақ мұғалімдердің кәсіби тұлғалық шығармашылық әлеуетін өздігінен жүзеге асыру және ашу үшін жағдайлар туғызу.
Психологиялық-педагогикалық олимпиада бірнеше конкурстан тұрды:
- Команда таныстырылымы
- Педагогикалық жағдаяттар
- Эрудит
- Фильмді рецензиялау
Олимпиада осы конкурстардың негізінде студенттердің педагогика мен психология бойынша білімдер мен біліктерді шығармашылықпен қолдануы негізінде жарыс түрінде жүргізілді.
Психологиялық-педагогикалық олимпиаданы педагогикалық факультеттің деканы фил.ғ.д., профессор А.Ислам салтанатты түрде ашты.
Олимпиадаға педагогикалық факультеттің «Шет тілі: Екі шет тілі» мамандығының 1-2 курс студенттері қатысты. Олимпиада да 8 команда өнер көрсетті. Олар:
- «Болашақ» және «Тағылым тамшылары» топтары – жетекшісі п.ғ.к., профессор Жалғасова Ш.А.,
- «Ыбырай ізбасарлары» тобы – жетекшісі п.ғ.к., аға оқытушы Жансүгірова К.Т.,
- «Шамшырақ» тобы – жетекшісі пед.ғыл.магистрі, аға оқытушы Сарқанбаева Г.К.,
- «911 team» тобы - жетекшісі п.ғ.к., профессор Бейсембаева А.А.,
- «Юник» тобы – жетекшісі п.ғ.к., доцент Көшербаева Г.Н.,
- «Дети Каменского» тобы – жетекшісі п.ғ.к., доцент Айжанова Г.К.,
- «Писатели души» тобы – жетекшісі п.ғ.к., доцент Кусайнова М.А.
Психологиялық-педагогикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша «Ыбырай ізбасарлары» командасы І-орын, место занимали команды «Болашақ» және «Юник» командалары ІІ-орын, «Шамшырақ», «911 team» и «Дети Коменского» командалары ІІІ-орындарға ие болды.
Пед.ғыл.магистрі, аға оқытушы Сарқанбаева Г.К.,
Пед.ғыл.магистрі, аға оқытушы Абилова З.Т.