Абылай хан атындағы ҚХҚжӘТ университетіндегі Қосымша білім беру орталығы

Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінде Қосымша білім беру орталығыжыл бойына және жазғы мектеп бағдарламалары бойынша тілді қарқынды оқыту курстарына оқырмандар қабылдайды. Оқырманқолайлықабылдану кестелері мен оқырман талабына сәйкес әр түрлі мазмұндағыбағдарламалармен қамтамасыз етіледі. Орталық әр түрлі пакеттегі бағдарламалар ұсынады және сонымен қатар 10-даған немесе одан да көп оқырмандар топтарына жеңілдіктер ұсынады.

Тілді қарқынды оқыту бағдарламасы. Қосымша білім беру орталығыоқырмандарға қазақ және орыс тілдерін тереңдетіп оқыту бағдарламасын ұсынады.Қазақ және орыс тілдерінің осы бағдарламасы аталмыш тілдерді жетілдіруге және бакалавр дәрежесін алу үшін жоғарғы оқу орындарында оқығысы келетін оқырмандарға арналған.Курс бағдарламаларын тыңғылықты аяқтауоқырманның Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінде немесе Қазақстандағы басқа жоғарғы оқу орындарында бакалавриат бағдарламасы бойыншабілім алу барысына зорықпалын тигізеді.

Ұзақ мерзімді және кәсіби тілді дайындайтын курс.Бұл бағдарлама қазақ немесе орыс тілдерінің аралық деңгейіне ие оқырмандар үшін өте тиімді.Оқырмандарға қазақ және орыс тілдеріндегі негізгі базалық оқыту және  сонымен қатар таңдау үшін бірқатар арнайы пәндер ұсынылады.Кәсіби тілді дайындайтын курс бағдарламасын бакалавриат бағдарламаларына қосымша модуль ретінде қарастырған абзал.

Жеке оқыту бағдарламасы. Қосымша білім беру орталығыжыл бойына жеке тұлғалар үшін қысқа және ұзақ мерзімдіжеке оқытубағдарламаларын ұсынады.

Жазғы мектептің қысқартылған бағдарламасы. Қосымша білім беру орталығы әдемі кампус ішінде қазақ және орыс тілдерін үйренуге тамаша мүмкіндік жасайды. Әлемнің әр тарапынан келген оқырмандар тобықазақ және орыс тілдерін түрлі бағдарламалар бойынша оқып, қызықты әлеуметтік оқиғаларды тамашалап, жаңа достар табады.

Курстың жалпы мақсаты:

  • қазақ және орыс тілдерінде сенімділік пен деңгейді көтеру
  • көп ұлтты Қазақстан мәдениетімен танысу
  • қазақ және орыс әдебиеті, бизнес пен экономика, басқа да әлеметтік салаларда тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болу

Жас ерекшелігі мен тілді меңгеру деңгейі:

Қабылданатын оқырман жасы 18-бен 55 жас аралығы. Ең төменгі жас шамасы 18 жасты құрайды. 17 жастағы оқырман айрықша жағдайларда қабылданылуы мүмкін.

Мекен жайымыз: Алматы, 200 Мұратбаев көшесі, тел.+7 (727) 2 92 23 73; факс:+7 (727) 292 44 73;  8 705 146 66 99; email: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. or email: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Печать