«Шетел тілдері» мамандықтары бойынша Республикалық пәндік олимпиада

Алматы қаласы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде 2018 жылдың 23-24 ақпанында «Шетел  тілдері»  мамандықтары бойынша Республикалық пәндік олимпиада өтеді:

          5В011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі

          5В021000 - Филология: шетел филологиясы еуропалық / шығыс бағыттары 

          5В020700 – Аударма ісі

Республикалық олимпиадаға қатысу үшін  ЖОО 1-ші кезеңінің жеңімпаздары тілдік мамандықтардың  2,3,4 курстар студенттері шақырылады. ЖОО-да откен  олимпиадының   толтырылған  хаттамасы болуы тиіс.

2015 - 2017 шетел тілдері мамандықтары бойынша Республикалық Республикалық олимпиадалардың жеңімпаздар  қатысуға рұқсат етілмейді.

Мамандықтар бойынша  тапсырмалар түрлері:

5В011900 мамандығы бойынша – Шетел тілі: екі шетел тілі:

  1. Тестілеу (халықаралық стандарт материалдары бойынша) - С1 деңгейі.
  2. Прагматикалық кәсіби тапсырмалар;
  3. Үй тапсырмасы  жарысы: «Болашақ шетел тілі мұғалімі үлгісін құзыреттілік-кәсіби жобалау» тақырыбы бойынша жоба жұмысының презентациясы.

II. 5В021000 мамандығы бойынша – Филология: шетел филологиясы, еуропалық / шығыс бағыттары.

Тілдер: ағылшын, неміс, француз, қытай, араб, корей, түрік, жапон, парсы:

         1.Тест: 

1.1. Лексика-грамматикалық тест;

1.2. Лексикология бойынша тест тапсырмасы;

1.3. Оқытылатын тіл елінің әдебиеті бойынша тест.

  1. Эссе жазу.
  2. Үй тапсырмасы жарысы: «Филологиялық зерттеулердегі мәдениетаралық  қатысымның когнитивтік-тұжырымдық маңызы» тақырыбы бойынша жоба жұмысының презентациясы.

III. 5В020700 мамандығы бойынша – Аударма ісі:

  1. Ақпарат түріндегі мәтінді шетел тілінен қазақ/орыс тілдеріне жазбаша аудару;
  2. Дыбысты мәтінді ауызша аудару.

Республикалық пәндік олимпиаданың өту бағдарламасы

22.02.2018  – Қатысушылардың келуі

23.02.2018 – 24.02.2018  –  Олимпиаданы өткізу

24.02.2018  – Олимпиада қорытындысын шығару

24.02 – 25.02.2018  – Қатысушылардың қайтуы

Өткізілу орны

Алматы қаласы,  Муратбаев көшесі, 200, акт залы, . № 1 оқу ғимараты,  Абылай хан атындағы ҚазХҚӘТУ

  

Олимпиадаға қатысу шарттары

Олимпиадаға қатысты барлық шығындар олимпиадаға жіберуші тарап есебінен өтеледі (келу, кету, тамақтану, тұрғылық орын). Қатысуға өтініш  және 1-ші ЖОО кезеңі қорытындысы бойынша  комиссия хаттамасы  2018 жылдың 12 ақпанына дейін жіберілуі тиіс.

Өтініштер тек қана Университет атынан қабылданады.

Өтініштер  мына электрондық поштаға жіберілуі тиісThis email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Университет тұрғын үймен қамтамасыз етпейді.

Қонақүймен университет қамтамасыз етпейді.Тапсырыс беруші электронды хаттың тақырыбында ЖОО атауы, секция  мен тілі көрсетілуі тиіс. Мысалы: Абай атындағы ҚазҰУ, шетел филологиясы, ағылшын тілі.

Ұйымдастыру комитеті

   тел. 8 7272 92 03 84 (ішкі 1074)

  факс 8 7272 92 44 73

  E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

2018 жылғы «Шетел  тілдері»  мамандықтары бойынша Республикалық пәндік олимпиадаға қатысу өтініші

___________ (ЖОО атауы)

 

Қатысушының аты-жөні (толық түрде), адрес, телефон,

e-mail

Ғылыми жетекшінің  аты-жөні (толық түрде),

қызметі, ғылыми дәрежесі, оқытатын шетел тілі,

e-mail

Мамандық, курс, қатысушының шетел тілі

Презентацияға қажетті техникалық құрал-жабдық

Олимпиадаға қатысушыны алып келетін адамның аты-жөні, қызметі, ғылыми дәрежесі, оқытатын шетел тілі,

моб.тел.,

e-mail

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Печать