«Ұлы Жеңістің 75 жылдығы: еске алу, қорытынды, зерттеу перспективалары» Online-конференциясы

Ақпараттық хат 

Құрметті әріптестер! 

Алматы қаласы Абылай хан  атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті  «Абылайхантану» жалпы университеттік жоспарын іске асыру  мақсатында сіздерді Ұлы Жеңістің 75 жылдығы аясында 2020 жылдың 23 сәуірінде өтетін «Ұлы Жеңістің 75 жылдығы: еске алу, қорытынды, зерттеу перспективалары» атты  республикалық ғылыми-практикалық онлайн конференциясына шақырамыз.

Конференцияның мақсаты - Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске СССР халықтарының және басқа да елдердің қосқан үлесін бейтарап қоғамдық қабылдауды қалыптастыру үшін өзекті әдіснамалық тәсілдер, зерттеулер мен интерпретациялар контекстінде Ұлы Отан соғысы туралы ұжымдық еске алуды жан-жақты ғылыми ұғыну.

 

            Конференция аясында келесі бағыттар бойынша жұмыс жүргізіледі:

* Ұлы Отан соғысының тарихнамалық мәселелері;

* Соғыстың мәдени мұрасы: әдебиет, бейнелеу өнері, театр және кино;

* Қазақстан мен шет елдердегі соғыс туралы естелік саясаты;

* Тылдағы ұрыс қимылдары мен өмірін зерттеу және қайта құру;

* Ұлы Отан соғысының демографиялық және әлеуметтік салдары

 

Конференцияға ЖОО оқытушылары, тарихшылар, философтар, саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, мәдениеттанушылар, бейінді ұйымдардың қызметкерлері, магистранттар мен докторанттар шақырылады

Конференцияға қатысуға өтініштер 2020 жылдың 19 сәуіріне дейін қабылданады.

Қатысу үшін өтініштерді  толтырып This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды поштаға жіберу қажет.

Жинаққа арналған мақалалар 2020 жылдың 19 сәуіріне дейін This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды поштаға қабылданады. (мақалалар осы хатқа № 1 қосымшаның талаптарына сәйкес ресімделеді).

Мақалалар жинағы конференция қорытындысы бойынша электронды форматта (PDF) жарияланады.

Көрсетілген күннен кейін ұйымдастыру комитетіне келіп түскен немесе техникалық талаптарға сай келмейтін мақалалар қаралмайды. Ұйымдастыру комитеті келіп түскен материалдарды себепсіз түсіндірместен қабылдамау құқығын өзіне қалдырады!

Туындаған сұрақтар бойынша конференцияға жауапты – т. ғ. к., доцент Карабаева З. М. This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  және т. ғ. к., доцент Г. А. Шотанова (This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.) хабарласуға болады.

 

Құрметпен, Конференцияның Ұйымдастыру комитеті

 

 

Қосымша № 1.

Автор ұсынады:

- мақала мәтіні Microsoft Word форматындағы файлда (DOC, docx немесе rtf кеңейтілген файлдар); файл атауы автордың аты-жөнін және мақаланың жіберілген күнін қамтиды, мысалы: Сабитов И. 15-04-2020 ж.;

- ӘОЖ индексі;

- автор туралы мәліметтер: Тегі, Аты, Әкесінің аты, дәрежесі, атағы, лауазымы, жұмыс орны (ұйымның толық және қысқаша атауы (Жарғыға сәйкес), пошта индексі бар мекен-жайы), автордың электрондық поштасы. Автор туралы мәліметтер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде беріледі;

- мақаланың атауы және автордың аты-жөні (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде));

- аудармалармен бірге көлемі 500-800 таңбалы мақала аннотациясы;

- қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі түйінді сөздер (10-нан кем емес));

- Мақала көлемі 8-ден 10 бетке дейін.

 

Мақала келесі талаптарға сәйкес ресімделеді:

- шрифт Times New Roman, 14 кегль;

-егер автор Windows негізгі жиынтығына кірмейтін қосымша стандартты емес әріптерді қолданса, онда тиісті файлдарды қоса беру қажет (.ttf);

- жоларалық интервал 1,5;

- Microsoft Word макростары мен стилін пайдаланбаңыз;

- өрістер: жоғарыдан және төменнен 2 см, солдан 3 см, оңнан 1,5 см;

- кестелер мен диаграммалар Microsoft Excel-де орындалған жеке файлдармен ұсынылады;

- жеке файлдармен jpeg форматындағы иллюстрациялар;

- кесте мен суреттердің нөмірленуі мақала бойынша.

 

Сілтемелерді рәсімдеу тәртібі.

Мақала соңында әдебиеттер тізімі болуы керек. Ондағы жарияланымдар ГОСТ-қа сәйкес рәсімделеді, тізім мәтінде көрсетілген ретпен жасалады. Әрбір жұмыстың тек бір реттік нөмірі болады, оған бірнеше рет сілтеме жасалған жағдайда мәтінде әрбір рет тек осы нөмір көрсетіледі.

Мұрағаттық құжаттарға, қолжазбаларға, статистикалық анықтамаларға, интернеттен жарияланымдарға, газеттерге, жарияланған заңнамалық актілерге (мысалы, жеке брошюралар шығарған заңдар, Конституция), мұражай экспонаттарына, автордың түрлі түсініктемелері мен т.б. жай парақтан кейінгі ретпен нөмірленген түсіндірме түрінде ресімделеді. Газетке сілтеме жасау кезінде оның шыққан жылын, күнін және айын көрсету қажет.

Печать