ҚАШЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА АРАЛЫҚ АТТЕСТАЦИЯ ӨТКІЗУДІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ

  1. Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-де ЕМТИХАНДАР ӨТКІЗУДІҢ ҚАШЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ОНЛАЙН ФОРМАТЫ қолданылады. 

Онлайн формат – білім алушылар емтиханды нақты уақыт режимінде – «осында және қазір» тапсырады.

Қашықтық формат – студент тапсырманы нақты уақыт режимінде ЕМЕС, емтихан өткізілетін мезгілде  жұмысты тапсыру шартымен алыста отырып тапсырады. Оқытушы жұмыс істеп отырған студентті «осында және қазір» режимінде ҚАДАҒАЛАМАЙДЫ.

  1. Онлайн форматында мынадай емтихан түрлері өткізіледі: тестілеу, жазбаша емтихан, ауызша емтихан.
    • Тестілеу ЖБП (ООД) блогындағы, «Қазақстанның қазіргі тарихы» (мем.емтихан), «Көшбасшылық және жеке даму» пәндерінен басқа пәндерге арналып, MOODL білім беру платформасында өткізіледі.
    • Жазбаша емтихан білім беру нәтижелерін тек жазбаша жұмыс арқылы ғана бағалауды қажет ететін пәндер үшін қарастырылған, мысалы, «Жазбаша аударманың практикасы». Жазбаша емтихан – емтиха билетіндегі сұрақтардың жауаптарын толтыру арқылы онлайн платформасында (MOODLда) емтихан кестесі бойынша өткізіледі. Емтихан уақытының ұзақтығы – 50 минут.
    • Ауызша емтихан базалық пәндер үшін қарастырылған. Ауызша онлайн емтихан қалыптан тыс жағдаятты шешуге бағытталған проблемалық бір сұрақтан тұрады, Білім алушы емтихан кестесі бойынша оқытушымен вебинарға арналған онлайн платформасы (ZOOM, Microsoft Teams, Cisco Webex және т.б.) арқылы оқытушыға байланысқа шығады. Дайындалуға – 5 минут. Жауап беруге – 5 минут. Оқытушы сұрақтарына – 5 минут. Білім алушының жеке басын анықтау шарасынсыз емтихан ұзақтығы – 15 минут.
  2. Оқытушы АЛДЫН АЛА қашықтық оқыту форматында тапсырма қалыптастырады, ЕРЕЖЕСІ МЕН ОНЫ ТАПСЫРУ МЕРЗІМІН анықтайды. Тапсырмалар эссе, жобалық жұмыс, кейс тапсырмаларын орындау және тағы басқадай да шығармашылық жұмыстар бола алады. Білім алушы ресми ақпараттық-білім берушілік портал арқылы тапсырма алады. Оны орындап, ресми ақпараттық-білім берушілік портал арқылы орындалған тапсырманы жібереді. Емтихан жұмыстарын электрондық пошта, мессенджер, әлеуметтік желі бойынша жіберуге ҚАТАҢ РҰҚСАТ ЕТІЛМЕЙДІ!
  3. Емтиханның аралас түрі жазбаша және ауызша форманы біріктіруді көздейді. Әдетте, магистранттар мен докторанттар үшін бұл – жобаны  онлайн режимде қорғау арқылы орындау. Ал бакалавриат студенттері үшін пәннің ерекшелігіне байланысты (мысалы, жазбаша және ауызша аударма).  
  4. Жазбаша жұмыстардың барлық түрлері міндетті түрде плагиатқа тексеруден өтеді. MOODLE білім беру платформасында дереккөзге сілтемесіз иемденуді анықтау бағдарламасы біріктірілген. Дереккөзге сілтемесіз иемденудің рұқсат етілген пайызы 25%. Иемдену заңдылығы бойынша соңғы шешімді тексеретін оқытушы пән ерекшелігіне байланысты қабылдайтынын назарға алу қажет.
  5. ДОТ жағдайында апелляцияға өтініш беру іс-шарасы электрондық журналға баға қойылған күннен бастап 3 күнге дейін ұзартылуы мүмкін.
  6. Барлық практикалық тілдік пәндер: қазақ, орыс, шетел тілдері ағымдағы үлгерімі бойынша бағаланады. ПРАКТИКАЛЫҚ ТІЛДІК ПӘНДЕР БОЙЫНША ЕМТИХАН БОЛМАЙДЫ! Егер білім алушы өз балын көтергісі келсе, ол өтініш жазады және жазбаша және ауызша бөлімдер қатысатын аралас емтихан тапсырады.
  7. Интернетке қолжетімділігі жоқ білім алушыларға курстан өту және жазғы уақытта ТЕГІН ЕМТИХАН ТАПСЫРУ мүмкіндігі беріледі. Бұл жағдайда білім алушы себебін көрсете отырып, факультет деканының атына өтініш жазады. Білім беру порталының талдауының негізінде декан сессияны ауыстыру туралы шешім шығарады.
  8. Емтихан кезінде техникалық проблемалар туындаған жағдайда (электр энергиясының өшуі, Интернеттің төмен жылдамдығы және т. б.) білім алушы емтиханды қайта тапсыруға құқылы, бірақ бір рет қана! Өзге жағдайда қайта тапсыру кеш мерзімге кейінге қалдырылатын болады.

 

СІЛТЕМЕ

Печать