ҚАШЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАЦИЯ ӨТКІЗУДІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

 

  1.   Қорытынды аттестацияны жүргізудің жалпы ережелері
    • Білім беру бағдарламаларын меңгеру қорытынды аттестациямен аяқталады, ол Жоғары білім берудің МЖМБС 14 тармағында белгіленген тұлғалар санатына арналған кәсіби-қолданбалы жобаны дайындаудан және қорғаудан немесе  кешенді емтиханды тапсырудан тұрады.
    • Университетте қорытынды аттестацияны жүргізу үшін білім беру бағдарламалары бойынша аттестациялық комиссиялар (әрі қарай - комиссия) құрылды, олар өз мәжілістерін дистанциялық технологиялар қолдану арқылы өткізеді. Университеттің бейне байланысының техникалық құралдары ретінде  ZOOM, Microsoft Teams және басқалары ұсынылады.
    • Белгілі бір дәлелді себептермен қорытынды аттестацияға келмей қалған білім алушылар,  комиссия төрағасының атына еркін түрде электрондық өтініш жазып, келмей қалу себебін дәлелдейді және оның шешілуіне орай, қорытынды аттестацияны комиссия мәжілісінің келесі күні тапсыра алады. Келесі мәжіліс күнін комиссия анықтайды.
    • Егер қорғау кезінде аттестация мүмкін болмайтындай техникалық кемшілік орын алған болса, білім алушыға қорытынды аттестациядан өтудің басқа уақыты берілуі мүмкін. Мұндай жағдайда, техникалық хатшы техникалық кемшілік туралы электрондық акт  рәсімдейді және сол күні актінің көшірмесін комиссияның барлық мүшелеріне жібереді.
    • Білім алушының өтініші бойынша қорытынды аттестация кейінірек уақытқа ауыстырылуы мүмкін.

 

  1. Кәсіби-қолданбалы жобаны дайындау және қорғау

 

  • Білім алушы  кәсіби-қолданбалы жобаны ғылыми жетекшісінің жағымды пікірі және қорғалатын жоба бейініне сәйкес бір маманның   сын пікірі  болған жағдайда  қорғай алады.
  • Егер ғылыми жетекшісі «қорғауға жіберілмейді» деген жағымсыз пікір беретін болса, білім алушы кәсіби-қолданбалы жобаны қорғауға жіберілмейді. Кәсіби-қолданбалы жобаға сын пікір айту сыртқы мамандар арқылы жүзеге асырылады.
  • Кәсіби-қолданбалы жобаны дайындау барысында бөгде адамдардың қисынды ойларын жазып алуға, шығармашылық ұрлыққа, құрастыру (компилятивтік), біреудің сөзін өзгертіп айтуға қатаң тыйым салынады. Барлық жобалар   («Антиплагиат. ЖОО» мәтінді енгізуді тексеру жүйесі негізінде) шығармашылық ұрлыққа жол бермеу және оны айқындау жөніндегі бекітілген тәртіпке сәйкес алдын ала шығармашылық ұрлыққа тексеруден өтуі тиіс. Шығармашылық ұрлыққа тексеру ақысыз түрде жүргізіледі.  Енгізілу орын алған жағдайда білім алушы жұмысын ақылы түрде қайта тексеруден  өткізе алады. Тексеруді 2 реттен  артық өткізуге болмайды. Басқаша жағдайда білім алушы  қорғауға жіберілмейді және қорытынды  аттестация кезінде F бағасына ие болады.
  • Дайындалған кәсіби-қолданбалы жобаны білім алушы рәсімдеуге арналған нормативтік талаптарды сақтауға тексеру үшін MS Word немесе PDF электронды файл форматында  мәтін түрінде LMS Moodle электронды оқыту жүйесіне жүктейді.
  • Рәсімдеуге арналған нормативтік талаптарды сақтауға тексеруден өткен соң осы жұмыс «Антиплагиат. ЖОО» заңға қайшы енгізуді тексеру жүйесіне жіберіледі және тексеру қорытындысы мен тексерудің соңғы нәтижесі туралы ғылыми жетекшісінің берген анықтамасы түрінде қорытынды шығарылады.
  • Кестеге сәйкес қорғауға үш апта қалғанда, білім алушы шығарушы кафедраға төмендегідей құжаттарды ұсынуы тиіс:
  • электронды форматтағы кәсіби-қолданбалы жобаны;
  • шығармашылық ұрлыққа тексеруден өтуі туралы ғылыми жетекшісінің анықтамасын;
  • «қорғауға жіберіледі» немесе «қорғауға жіберілмейді» деген дәйекті қорытынды берілген кәсіби-қолданбалы жобаның ғылыми жетекшісінің пікірі;
  • қорғауға ұсынылған кәсіби-қолданбалы жобаның білімді бағалаудың балдық-рейтингілік әріптік жүйесі бойыншы бағасы көрсетілген жан-жақты сипаттамасы мен дәйекті қорытынды берілген кәсіби-қолданбалы жобаға сын пікір.

Ғылыми жетекшілер мен  пікір берушілердің пікірлері корпоративтік пошта арқылы жіберілуі тиіс, бұл олардың түпнұсқалығын растайтын болады.

  • Білім алушы дипломдық жұмыс (жоба) кезінде жасаған презентациясын экранда демонстрациялау арқылы көрсетеді, сөз сөйлеу кезінде комиссия мүшелеріне камера алдында баяндама жасайды және комиссия мүшелерінің (3-тен көп емес) ауызша сұрақтарына жауап береді. Техникалық кемшіліктер орын алған жағдайда, білім алушыларға жазбаша (3-тен көп емес) сұрақтар беріледі. Мұндай жағдайда комиссия мүшелерінің сұрақтарын   техникалық хатшы жеткізетін болады. Білім алушы ауызша немесе жазбаша жауап береді.
  • Білім алушы дипломдық жұмыс (жоба) қорғау барысында тоқтап қалған жағдайда оны әрі қарай жалғастыру туралы техникалық хатшыға жедел түрде хабарласады. Комиссия жобаны қорғауды қайта жалғастыру немесе тоқтату туралы шешім қабылдайды.
  • Білім алушыға сөз сөйлеуге (баяндама жасауға) 7-10 минуттай уақыт беріледі.
  • Білім алушыға қорғауға берілетін жалпы уақыт, ауызша сөз сөйлеуді және комиссияның сұрақтарына жауаптарды қоса алғанда, 20 минуттан аспауы тиіс.
  •  Комиссия қорғау қорытындысы бойынша білім алушыға осы нұсқаулыққа сәйкес баға қояды.

 

  1. Кешенді емтиханды тапсыру

 

  • Кешенді емтихан тапсыру түрі –  ауызша онлайн.
  • Кешенді ауызша емтихан білім алушыға пайдаланылатын техникалық құрылғының камерасының алдында тікелей микрофон арқылы комиссияның сұрақтарына жауап беруге мүмкіндік беру арқылы онлайн режимде өткізіледі.
  • Техникалық кемшіліктер орын алған жағдайда, білім алушыға сұрақтар жазбаша қойылады. Бұндай жағдайда комиссия мүшелерінің сұрақтарын техникалық хатшы оқып береді. Білім алушы ауызша немесе жазбаша жауап береді.
  • Кешенді емтихан кезінде байланыс үзілген жағдайда білім алушы оны жалғастыру туралы өтінішпен бірден техникалық хатшыға хабарласады.  Комиссия кешенді емтиханды қайта бастау немесе тоқтату туралы шешім қабылдайды.   

 

  1. Прокторинг және академиялық адалдықты сақтау

 

  • Емтихан тапсырушының жеке басын анықтау қорытынды аттестаттау басталғанға дейін 30 минут бұрын жүзеге асырылады.
  • Техникалық хатшы білім алушының жеке басын алдын ала алынған жеке куәліктің көшіремесі немесе бейнесуреті бар білім алушының жеке басын куәландыратын басқа да құжат бойынша анықтайды.    
  • Білім алушының өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы болуы керек.Комиссия төрағасы мен мүшелерінің жеке басын кафедра меңгерушісі немесе  деканға барабар адам анықтайды.
  • Үйдегі бөлмені дайындау қорытынды аттестаттау рәсімі басталғанға дейін жүзеге асырылады. Емтихан тапсырушы бөлмеде жалғыз болады. Қорытынды емтиханда қолданылатын құрылғылардан басқа электронды құралдар болмауы тиіс.
  • Білім алушы онлайн режимде қорытынды аттестаттау кезінде отырған бөлмені көрсетеді. Бөгде заттар табылған жағдайда білім алушы оларды бөлмеден шығарады. Бас тартқан жағдайда қорғау тоқтатылады, комиссия өз шешімімен қорытынды аттестаттауды тоқатата тұрады немесе мүлде тоқтатады.

 

  1. Қорытынды аттестаттау кезіндегі бағалау тәртібі

 

  • Бағаны комиссия Google формасын қолдана отырып қояды.
  • Google формасы әр білім алушыға жасалады. Google формасы комиссия мүшелеріне білім алушыға бағаны бір-ақ рет қоюға мүмкіндік береді.
  • Дәреже беру жөнінде дауыс беру рәсімі комиссияның барлық мүшелерінің қатысуымен алқалық талқылау арқылы жүзеге асырылады.
  • Техникалық хатшы комиссия мүшелерінің дауыстарын санайды және тіркейді. Дәреже беру жөнінде дауыс беру Google формасы арқылы жүзеге асырылады.

 

  1. Қорытынды аттестаттау нәтижелерін хабарлау

 

  • Кешенді емтихан және кәсіби-қолданбалы жобаны қорғау аяқталғаннан кейін қорытынды аттестаттау нәтижелері жарияланады.   
  • Комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелері бойынша хаттама жасалады. Оған комиссия төрағасы және техникалық хатшы қол қояды. Бұл жағдайда техникалық хатшы дауыс беру нәтижелері туралы ақпаратты сақтайды, ал хаттаманың электрондық нұсқасы комиссияның барлық мүшелеріне жіберіледі.
  • Комиссия төрағасы білім алушылардың қорытынды аттестациясы туралы есеп дайындайды.

 

  1. Қорытынды аттестаттау нәтижелеріне шағымдану  

 

  • Білім алушылардың аппеляцияға өтініш беруінің соңғы мерзімі аралық бақылау нәтижелері жарияланған күннен бастап 2 жұмыс күнінен кем болмауы керек.   
  • Апелляциялық комиссия білім алушының өтініші түскен күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде онлайн  отырыстар өткізеді. Өтініш беру нәтижелері өтініш берушіге бір жұмыс күн ішінде  жеткізіледі.

 

СІЛТЕМЕ

Форма экзаменов Летней Экзаменационной Сессии по образовательным программам

Печать