2020 жылдың 30 сәуірінде сағат 14.00-де «Ғаламдық процестер және қазіргі әлемнің геосаяси құрылымының жаһандық дағдарыс жағдайындағы трансформациясы» тақырыбында онлайн-дөңгелек үстел өткізіледі

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІ

 АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

2020 жылдың 30 сәуірінде сағат 14.00-де ғаламдық әлемнің және ауқымды дағдарыстың өзекті мәселелерін талқылауға, сондай-ақ Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-нің ҒЗЖИҚМ (ғылыми-зерттеу және инновациялық-қолданбалы мектеп)  2020-2022жж. Жоспар-Бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Жаһандық әлемдік үрдістер мен қазіргі  әлемнің геосаяси құрылымдары» бағытындагы №1  ҒЗЖЖ (Ғылыми-Зерттеу Қолданбалы зертхана) шеңберінде   «Ғаламдық процестер және қазіргі әлемнің геосаяси құрылымының жаһандық дағдарыс жағдайындағы трансформациясы» тақырыбында онлайн-дөңгелек үстел өткізіледі.

Онлайн-дөңгелек үстелдің мақсаты: жаһандық әлемдік дағдарыс және әлемдік экономиканың құлдырауы себептерін, халықаралық тәртіпті қалпына келтіру мәселелерін, пандемия жағдайында дағдарыстың Қазақстанға әсерін талқылау және т. б.

Онлайн - дөңгелек үстел жұмысына қатысу үшін ғалымдар, ЖОО оқытушылары, докторанттар, магистранттар, студенттер және басқа да мүдделі тұлғалар шақырылады.

Өтініштер мен баяндамалардың тақырыбын төмендегі электрондық поштаға жіберу: 

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Жауапты тұлға: Успанова Жанар Нуржановна

Қатысу түрі: Webex Meetings платформасында онлайн.  Онлайн дөңгелек үстелге сілтеме кейінірек жіберіледі.

Өтінімдерді ұсыну мерзімі ­– 28.04. 2020ж. дейін.

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Онлайн-дөңгелек үстел материалдары бойынша материалдар жинағын шығару жоспарлануда (10.05.2020 ж. дейін)

       Ғылыми мақалаларды рәсімдеу талаптары қосымшада келтірілген.

Печать