Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған "Қазіргі тіл білімі: дәстүрлер мен инновациялар" атты жас ғалымдардың дөңгелек үстел отырысы

Құрметті әріптестер!

Сіздерді «Көптілді білім беру: мәселелері мен болашағы» атты дөңгелек үстелдің мәжілісіне қатысуға шақырамыз.

Дөңгелек үстел 2022 жылдың 15 сәуірде Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-де өтеді 

(Алматы қаласы, Мұратбаев көшесі, 200)

Дөңгелек үстелді өткізу түрі: онлайн

(Google Meet алаңы)

Сілтемесі: meet.google.com/pvc-zgwg-cct

Басталуы сағат 15.00 (Нұрсұлтан қаласы уақыты бойынша)

Дөңгелек үстелде көптілді білім беру мәселелерін, сондай-ақ пәнаралық гуманитарлық мәселелерді талқылау көзделеді:

  • Тілдерді оқыту әдістемесі: А.Байтұрсынұлы идеяларын дамыту
  • Тілдерді оқытудағы инновациялық әдістер мен технологиялар
  • Әдебиетті оқыту теориясы мен әдістемесінің қазіргі мәселелері
  • Қазіргі тіл білімінің өзекті мәселелері: тіл теориясы және мәдениетаралық қатынас
  • Аударма теориясы мен тәжірибесінің дамуындағы заманауи тенденциялар

Жұмыс тілі: орыс, қазақ, ағылшын тілдері

Дөңгелек үстелді ұйымдастыру комитеті: Қонақова Клара Өмірзаққызы, Қабдолова Қарлығаш Лекерқызы, Сапарбаева Алтын Махметжановна (теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы профессорлары мен оқытушылар құрамы).                

Печать