«Абылай хан оқулары» онлайн конференциясы

2022 жылы 15 сәуірде Абылай хан атындағы  ҚазХҚжӘТУ Халықаралық қатынастар факультеті Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы және дүниетанымдық пәндер кафедрасының оқытушыларының  ұйымдастыруымен Қазақстанның қазіргі тарихының өзекті мәселелеріне, ғылыми қызметкерлер күніне, Абылай хан мен қазақ тарихи    тұлғаларының рөлін жаңаша қарастыруға,  қазақстандық   патриотизмді қалыптастыруға арналған «ІІІ Абылай хан оқулары» атты  халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция ZOOM платформасында өткізілді.

Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ ректоры, ф.ғ.д., ҚР ҰҒА академигі, Құнанбаева Сәлима Сағиқызының  алғы сөзі оқылды.

Құттықтау сөзінде Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ Ғылыми және инновациялар жөніндегі проректор, экономика ғылымдарының докторы,  профессор Успанова Майра Уалиевна, ғылым күніне арналған «Абылайхан оқуларының» үшінші  рет өткізіліп отырғанын, басты мақсат - қазіргі кезеңде Абылай хан мұрасын кеңінен, терең зерттеудің маңыздылығы айтып, қатысушыларға шығармашылық табыс, сәттілік тіледі.

Конференцияға профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты.

Ауқымды халықаралық конференцияда   ҚХР Пекин Орталық ұлттар университеті, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Әбділәшімұлы Дүйсенәлі,  Қытай                                  Абылай хан әулетінің Цин патшалығына жазған хаттары мен олардың тарихи маңызын жаңа деректемелік құжаттарға сүйене отырып, Цин империясының Абылай хан жөніндегі танымы мен түсінігін,  тарих ғылымдарының докторы, профессор, РФ Президенті жанындағы РАНХиГС «Халықаралық ынтымақтастық» кафедрасының меңгерушісі (Москва) Семедов Семед Абакаевич қазіргі Қазақстанның геосаясаты жөнінде, ал Гезалов Ариз Авяз оглы, философия ғылымдарының кандидаты, РҒА Федералдық ғылыми-зерттеу әлеуметтану орталығының жетекші ғылыми қызметкері (, (ФНИСЦ РАН),), «Мәдениет диалогы: философия-дүниетанымдық мәселелер» зерттеу тобының жетекшісі РҒА РФО (Баку-Мәскеу, Әзірбайжан-Ресей) пост-жаһандану   дәуірдегі мәдениетаралық коммуникациялар туралы,  саяси ғылымдар докторы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры Симтиков Жомарт Құдайбергенұлы пікірлерімен бөлісті.

Халықаралық конференцияда тарих ғылымдарының докторы, профессор Чатыбекова Камиля Қасымқызы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Шайморданова Зарема Жуандыққызы, философия ғылымдарының докторы, профессор Айдарбеков Зейнәбіл Смайылханұлы, саяси ғылымдарының кандидаты, доцент Изтаева  Венера Амангелдіқызы , философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Хайруллаева Венера Хибадуллақызы , философия ғылымдарының кандидаты, доцент Джекебаева Мақпал Әбілқызы, Абылай ханның қазақ егемендігінің іргетасын қалаушы көшбасшы,дипломат ретіндегі бейнесін ашып көрсетті.

Қазақстанның қазіргі заманауи тарихының әдіснама сұрақтары,қазақтың тарихи тұлғаларының рөлі мен маңызы,қазақстандық патриотизмді қалыптастыру тақырыптарда,  Жүзтаева Бибажар Нұрғалиқызы,  Шотанова Галия Айтжановна, Жанақова Нұргүл Торғайбекқызы, Қарабаева Запихан Мухтарқызы т.б. ғалым-профессорлар өз ойларымен бөлісті.Ғылыми конференцияда жас зерттеушілер – біздің университеттің докторанттары,магистранттары мен студенттері де қызықты баяндамалар жасады.

 

Қарабаева З.М.,т.ғ.к., доцент

Каргаев К.А., магистр полит. наук

Печать