2022-2023 оқу жылының күзгі семестріне академиялық ұтқырлық шеңберінде Корея Республикасы Үкіметінің гранты бойынша оқыту

Құрметті, Абылайхан атындағы ҚХҚ және ӘТУ студенттері!

Оңтүстік Кореяның Аджу университеті (Ajou University) 2022-2023 оқу жылының күзгі семестрінде академиялық ұтқырлық аясында Корея Үкіметі бөлетін грант бойынша Абылайхан атындағы ҚХҚ және ӘТУ студенттеріне оқуға мүмкіндік бергенін хабарлаймыз.

Грант оқу ақысын, қатынау үшін көлік шығындарын, жатын орын мен сақтандыру шығындарын қамтиды.

Бөлінген орындар саны: 2 орын

Оқу форматы: оффлайн

Семестр: 2022-2023 оқу жылының күзгі семестрі

Мамандықтар:

  • Шетел филологиясы (корей тілі)
  • Шығыстану
  • Аударма ісі (корей тілі)

Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі: 11.05.2022 (сағат 12.00-ге дейін)

Грантқа қойылатын талаптар:

  • 2-3 курс студенттері (бакалавриат)
  • корей тілін жақсы білу (дәлелдеу)
  • құжаттарды тапсыру кезінде академиялық және қаржылық қарыздарының болмауы;
  • бүкіл оқу кезеңінде кемінде 3,0 орташа балл (GPA) болуы
  • университеттің қоғамдық өміріне белсене қатысу

Ескерту: конкурсқа қатыса алмайды:

а) бұрын Корея үкіметінен грант алған

б) қос азаматтығы бар адамдар, оның ішінде корей азаматтығы бар адамдар

Шетелде, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқуға жолдама беру қағидаларына сәйкес қажетті құжаттар тізімі:

Құжаттардың толық пакеті 1-оқу корпусы, №112 кабинетте қабылданады.

Байланыс үшін: Ашимова Айнаш Адильхановна

email: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  , 2920384 ( вн.2172)

Печать