2022 жылдың 22 қарашасында Цукуба университетінің (Жапония) өкілдерімен кездесу өтеді.

2022 жылдың 22 қарашасында Цукуба университетінің (Жапония) өкілдерімен кездесу өтеді.  Бұл университет Жапонияның ең үздік университеттерінің тізіміне кіреді.

Өтетін орны: Көк акт залы

Уақыты: 17:00-18:00

Кездесуді ұйымдастырушы: Шығыстану факультеті (жапон секциясы)

Кездесудің мақсаты: Абылай хан атындағы ҚХҚжӘТУ және Цукуба университеті (Жапония) арасындағы академиялық серіктестік.  Кездесу барысында университетіміздің студенттері мен магистранттары білім алмасу бағдарламаларымен таныса алады.  Жиналғандар университеттің оқу жүйесі және Цукуба университетіне шетелдік студенттер мен магистранттарды қабылдау ережелерімен танысады.

Цукуба университетіне білім алмасу бағдарламаларына және оқуға түсуге Абылай хан атындағы ҚХҚжӘТУнің қызығушылық танытатын  барлық студенттері мен магистранттарын шақырамыз.

Печать