«Қазақстандағы және шетелдегі қытайтану» атты III халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақыру.

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті Сізді 2023 жылдың 17 ақпанында өтетін Қазақстан мен Қытай арасында дипломатиялық байланыстар орнағанына 30 жыл толуына және Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдету туралы бірлескен декларацияның 10 жылдығына орай ұйымдастырылған  «Қазақстандағы және шетелдегі қытайтану» атты III халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады.

Конференцияның мақсаты мен міндеттері:

- Қазақстан мен Қытайдағы ғылым және білім жүйесіндегі инновациялар мен жаңа әзірлемелер саласында тәжірибе алмасу;

- Қытайтану саласындағы филология, философия, тарих, экономика, әлеуметтік лингвистика, лингвомәдениеттану, аударма теориясы мен тәжірибесі мәселелері бойынша пікір алмасу;

- Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылым саласындағы халықаралық байланыстардың одан әрі дамуына үлес қосу;

- Қытайтанудың өзекті мәселелері бойынша ынтымақтастық саласындағы ғылыми тақырыптарды, сондай-ақ халықаралық ауқымдағы жаңа ғылыми жобалар бойынша ұсыныстарды анықтау;

- Қазақстан мен Қытай арасындағы болашағы зор ынтымақтастық салаларын зерделеу, осы бағыттағы практикалық ұсыныстарды айқындау; 

- Қытайтану саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру, жас ғалымдардың біліктілігін арттыру.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

  1. Халықаралық ғылыми кеңістіктегі қытай филологиясы.
  2. Қытайтану: аударма мен аударматанудың өзекті мәселелері.
  3. Қытай тілін оқытудағы инновациялық технологиялар.
  4. Дәстүрлі Қытайдың тарихы, деректануы, тарихнамасы, мәдениеті, әдебиеті және діні.
  5. Қазақстан мен Қытайдың экономикалық, саяси және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық салаларындағы сыртқы саяси трансформациялар.

Конференцияға қатысуға ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлері, университет оқытушылары, докторанттар, магистранттар, студенттер және басқа да мүдделі тұлғалар шақырылады.    

Жұмыс форматы: офлайн / онлайн – Microsoft Teams платформасындағы конференция.

Конференцияға сілтеме: https://teams.microsoft.com/l/meetup-join/19%3ameeting_MjJhNDI5ODEtMmUyMC00OTIwLTk1MGQtZWVmNzAxNjIxMjEw%40thread.v2/0?context=%7b%22Tid%22%3a%225d9a5e74-c1fc-473c-857f-007ac425de46%22%2c%22Oid%22%3a%225fc91acd-1536-4ce4-9035-37a359c0a957%22%7d

Конференцияны ұйымдастырушылар – Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Конфуций институты, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Шығыстану факультеті.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын, қытай.

Конференцияның басталуы – сағ. 10:00 (ҚР Астана уақыты бойынша), қатысушыларды тіркеу – сағ. 09:00-10:00.

Конференцияға қатысу үшін мақалалар мен өтінімдерді 2023 жылдың 15 қаңтарына дейін мына мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз: Алматы қ., Мұратбаев көш., 200 (Құрманғазы көшесінің қиылысы), e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Анықтама телефондары:

+7 (727) 292-03-84 (ішкі 2120) – Раушан Базикеновна (1, 2, 3 секциялар).

7 (727) 292-03-84 (ішкі 2113) – Мадина Аманбаевна (4, 5 секциялар)

Материалдар жинағы конференция басталғанға дейін басып шығарылады. Басылымның барлық шығындарын ұйымдастыру комитеті көтереді. Мақала жариялау тегін. Материалдар жинағын электрондық пошта арқылы тарату (PDF) қарастырылған.

Баяндамалар мен мақалаларды ресімдеуге қойылатын талап бойынша толығырақ ақпарат алу үшін ақпараттық хатпен танысыңыз.

Информационное письмо - Русский язык

Информационное письмо - Казахский язык

Информационное письмо - Английский язык

Печать