Студенттер арасында эссе байқауын өткізу туралы бұйрық

2016/17 оқу жылының жұмыс жоспарын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 

  1. 15 наурыз 2017 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 75 жылдығына орай, Халықаралық қатынастар факультеті, Аймақтану кафедрасының бастамасымен университеттің студенттері арасында «Мен және менің университетім: кеше, бүгін, ертең» атты тақырыбына эссе байқауы өткізілсін.
  2. Қазылар алқасының құрамы бекітілсін (Қосымша 1)
  3. Байқау өткізу бойынша іс-шаралар Жоспары бекітілсін (Қосымша 2)
  4. Байқау өткізу үшін шығын сметасы бекітілсін (Қосымша 3)
  5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау ӘМжТЖ жөніндегі проректор Т.В.Сережкинаға жүктелсін.

Толығырақ

Печать