«Астана – бейбітшілік қаласы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры 2018 жылы 5 маусымда Қазақстанның елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Астана – бейбітшілік қаласы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.

Конференция Қазақстан астанасының Еуразияның маңызды геосаяси орталығы ретінде даму қорытындылары мен оның келешегін талқылауға қазақстандық және шетелдік саясаткерлерді, беделді сарапшыларды тарту мақсатында өткізіліп отыр.

Конференцияда Астана қаласының 20 жылдығына байланысты елорданың геосаяси, тарихи, экономикалық, дипломатиялық, социологиялық, құқықтық және де басқа қырларын, сонымен қатар астаналар мәселелерін келесі бағыттар бойынша талқылау ұсынылады:

  1. Астаналардың көшірілуі: қазақстандық тәжірибе және әлемдік практика. Астананың елорда дәрежесін алуы.
  2. Астаналар «күш орталықтары» мен халықаралық қатынастардың акторлары ретінде. Астана әлемдік саяси үнқатысу жүйесінде және беделді халықаралық ұйымдар кездесуінің орны ретінде.
  3. Астана мен аймақтар: аймақтық саясаттың халықаралық және қазақстандық тәжірибесі.
  4. Астана халықаралық қаржы орталығы ретінде.
  5. Астаналар «мәдени әлемдер» орталықтары ретінде. Астана түркі әлемі және ТМД-ның мәдени астанасы ретінде.
  6. Астаналар туризм мен көрме орталықтары ретінде. EXPO-2017 Қазақстанның серпінді имидждік жобасы ретінде.
  7. Астаналар ақпараттық қоғам контекстінде. Астананың smart-city ретінде тәжірибесі.
  8. Астаналар руханият орталықтары ретінде. Астана ұлтаралық және дінаралық үнқатысу орны ретінде.
  9. Астана тарихын зерделеудегі кітапханалар, мұрағаттар мен мұражайлар.

Конференция жұмысына қатысу үшін өтініш пен баяндама мәтіндерін 2018 жылдың 25 мамырына дейін келесі электрондық мекенжайға жіберуді өтінеміз: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it..

Мәтінге қойылатын көрсетілген талаптарды сақтауды сұраймыз. Электронды нұсқадағы баяндама мәтінін ресімдеуге қатысты талаптар сақталмаған жағдайда Ұйымдастыру комитеті баяндаманы жариялаудан бас тарту құқығына ие.

  • Көлемі 2 000 сөзден аспау қажет (5,5 б.).
  • Шрифт: қаріп түрі – Times New Roman, кегль – 14, жалаң жоларалық интервал; абзац – 1,25 см, абзац автоматты түрде қойылады.
  • Азат жол: жоғарғы және төменгі – 20 мм, сол жағы – 30 мм, оң жағы – 15 мм.
  • Баяндама атауы – бас әріптермен, туралау – ортасы бойынша;
  • Төменірек оң жиек бойынша бір азат жолдан соң: автордың аты-жөні – курсивпен, жартылай қою қаріппен (кез келген автор үшін – алдымен тегі, аралық, одан соң аралық қалдыру арқылы аты-жөні жазылады). Келесі жолда симметриялық түрде оң жиектен курсивпен – қызметін көрсету (лауазымы), мекеме атауы, ғылыми дәрежесі, келесі жолда симметриялық түрде – мемлекет пен қаланы және электрондық мекенжайды көрсету қажет.
  • Мәтіндегі сілтемелер тізімдегі дереккөздердің реттік нөмірі және үтір арқылы парақ нөмірі көрсетілген тік бұрышты жақшалармен белгіленеді, мысалы, [4, с. 89].
  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мәтін соңында жазылады және бос жол арқылы бөлінеді. Тізімдегі дереккөздер дәйексөздердің мәтінде қолданылуына қарай көрсетіледі. 
  • Сұлбалар, фотолар, суреттер, сканерленген кескіндемелер және т.с.с. – JPG форматында жеке файл түрінде, диаграммалар, графикалар – Excel бағдарламасында берілуі қажет. Файлдардың атауы суреттердің, сұлбалардың, диаграммалардың және т.с.с. баяндама мәтініндерінің атауларына сәйкес болуы керек. Суреттердің атауы мен нөмірі суреттердің төменгі жағында, кестелердің атауы мен нөмірі кестелердің жоғарғы жағында (туралау – жол ортасында) көрсетіледі, Кестелер, сұлбалар, суреттер, формулалар, графикалар көрсетілген жолдан асып кетпеу керек (кестелер мен суреттердегі қаріп – 12 төмен емес).
  • Тырнақшалар «» белгісімен белгіленеді; көрсетілген даталардағы ғасырлар – рим цифрымен, жыл – араб цифрымен жазылады.
  • Қысқарған сөздер баяндама мәтінінің соңында әліпби тәртібімен аббревиатуралардың мағынасын ашып жазу арқылы көрсетіледі.
  • Әдебиет сілтемелер түрінде көрсетіледі, абзацты аралық арқылы жазуға болмайды.

Қолмен тасымал жасауға болмайды (manual hyphenation).

Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына немесе қойылған талаптарға сәйкес келмейтін материалдарды қабылдамау құқығына ие.

Конференция материалдары жинағын басылымнан шығару жоспарлануда.

Конференция ұйымдастыру комитетінің шешімімен конференцияға қатысушылардың шығындары қайтарылуы мүмкін.

Конференция үйлестірушілері:

Телебаев Ғазиз Тұрысбекұлы +7(7172) 693048, +77015225508.

Мусина Назира Қасымжанқызы +7(7172) 751213, +77012061870.

Ордабек Ерден Алмабекұлы +7(7172) 693060, +77079997773.

«Астана – бейбітшілік қаласы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға

ӨТІНІШ

Тегі

 

Аты

 

Әкесінің аты

 

Жұмыс орны, лауазымы

 

Ғылыми дәрежесі, атағы

 

Ұялы немесе тұрақты телефонының нөмірі (қала кодымен бірге)

 

E-mail

 

Баяндама тақырыбы

 

Конференция бағытының атауы

 

Техникалық құралдардың қажеттілігі (мультимедиялық проектор және т.б.)

 

Конференцияға қатысу мүмкіндігі

 

Печать