2019 жылдың 8 ақпанында жас ғалымдар мен мамандар үшін «Индустрия 4.0: ұрпақтар сұхбаты және жас ғалымдарға жаңа бағыт-бағдар» атты VI Республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізеді

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті  2019 жылдың 8 ақпанында  жас ғалымдар мен мамандар үшін «Индустрия 4.0: ұрпақтар сұхбаты және жас ғалымдарға жаңа бағыт-бағдар» атты VI Республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференцияның мақсаты: білім беру саласының  өзекті мәселелері мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін жинақтау, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында және  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында тәжірибе алмасу және жаңа идеяларды іздестіру алаңын құру.

Конференция жұмысының негізгі тақырыптық бағыттары ҚазХҚжӘТУ-дің   ҚББҒЗ кешені мен ғылыми-зерттеу және қолданбалы инновациялық зертханасының  тақырыптарымен байланысты.  

Конференция жұмысының негізгі тақырыптық бағыттары:

  • Шеттілдік білім берудегі ақпараттық-инновациялық кеңістігінің өзекті мәселелері
  • Филологиялық және лингвистикалық зерттеулердің, аударма және мәдениетаралық қатысымның заманауи мәселелері
  • Қазақстанның және ТМД елдерінің сандық-инновациялық дамуындағы ғылымның маңыздылығы
  • Ұлы даланың ғаламдық тарихтағы рөлі: жастардың патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбиесі
  • Қазіргі әлемнің геосаяси үдерістері: тәуекелдер мен   тегеуріндер
  • Шығыс елдерінің лингвистикалық және қоғамдық-саяси мәселелері
  • Экономика, халықаралық және ұлттық құқық, менеджменттің теориялық және қолданбалы аспектілері мен қазіргі заманғы трендтері.
  • Ақпараттық технологиялар заманындағы бұқаралық ақпарат құралдары, журналистика және туризмнің даму бағыттары.

Конференцияға қатысу формасы: тікелей, сырттай.

Өтінімдер мен мақалаларды қабылдау мерзімі   ­– 2019 жылдың 21 қантарына дейін (UTC+6 бойынша 23: 50).

Жарияланым жарнасы – 2 500 теңге. 

Жинақтың таратылуы қарастырылмаған  (өздігімен алу).

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын 

 

Ақпарататтық хатты жүкте алу

Печать