«Шетел тілдері» мамандықтар тобы бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың 2-кезеңі өткізілетінін хабарлайды

«Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ университет базасында 2020 жылдың 25-26ақпанында «Шетел  тілдері» мамандықтар тобы бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың 2-кезеңі өткізілетінін хабарлайды:

5В011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі

5В021000 - Филология: шетел филологиясы еуропалық / шығыс бағыттары 

5В020700 – Аударма ісі

Олимпиадаға қатысуға ЖОО ұйымдастырған Олимпиаданың 1-кезеңнің жеңімпаздары атанған жоғарыда көрсетілген мамандықтардың 2,3,4 курс студенттері шақырылады.

Олимпиаданың 2-кезеңіне Шетел тілдері мамандықтар тобы бойынша Республикалық олимпиадалардың өткен жылдардағы жеңімпаздары  қатыстырылмайды.

Олимпиаданың 2-кезеңінің турлары  «Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ ректоры бекіткен Ережеге (ҚосымшаА) сәйкес өткізіледі.

Олимпиаданың 2-кезеңінің бағдарламасы

 

Күні

Іс-шара

24.02.2020

Қатысушылардың келуі

25.02.2020

Олимпиаданың 1-күні: қатысушыларды тіркеу, ашылу салтанаты, олимпиада барысы

26.02.2020

Олимпиаданың 2-күні: олимпиада барысы, жабылу салатанаты.

 

Өткізілу орыны

Алматы қаласы,  Мұратбаев көшесі 200,  «Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ

 

Олимпиадаға қатысу шарттары

 Олимпиадаға қатысты барлық шығындар Олимпиадаға жіберуші тарап есебінен қамтамасыз етіледі (келу, кету, тамақтану, қонақ үй немесе пәтер ақысы).

Олимпиаданың 2-кезеңіне қатысу үшін қажетті құжаттарды: ЖОО-да өткізілген Олимпиаданың 1-кезеңінің қорытындысы туралы ректордың (проректордың) қолы қойылған ресми хат немесе хаттама түрінде рәсімделген Ғылыми кеңестің шешімі,  қатысу туралы өтінішті (Қосымша Б), 2020 жылдың 12 ақпанына дейін пошта арқылы (ОЛИМПАДА деген жазумен) және This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды поштаcына (ОЛИМПАДА деген тақырыппен)  жіберілуі керек .

      Ұйымдастыру комитеті

тел. 8 7272 92 03 84 (ішкі 1074)

  факс 8 7272 92 44 73

Печать