«5B021000 – ШЕТЕЛ ФИЛОЛОГИЯСЫ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің 25-қаңтар 2020 жылғы № 16-5/217 хатында көрсетілген тапсырмаларды орындау мақсатында, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің жыл сайынғы ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауын ұйымдастыру мен өткізу туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігінің ұсынымдарына сәйкес  «Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ оқу-әдістемелік кеңестің базалық жоғары оқу орны ретінде «5B021000 –  Шетел филологиясы» мамандығы бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық байқауының 2–кезеңін 2020 жылдың 1-30 наурыз аралығында өткізетінін хабарлайды.

Байқауға ұсынылатын студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары 2020 жылдың 20-наурызына дейін  қабылданады. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің жыл сайынғы ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауын ұйымдастыру мен өткізу туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігінің ұсынымдарының 13–тармағының 1-5–тармақшаларында көрсетілген барлық құжаттарды «СҒЗЖ Республикалық байқауы» деген айдармен университеттің ғылыми-инновациалық қызмет бөліміне жіберуді сұраймыз. 

Мекен-жай: «Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ, 050022, Алматы қ. Мұратбаев көш., 200.

Байланыс тел.: + 727 292 03 84 (і. н. 1074)

Печать