Ақпараттық хат

2020 жылдың 9 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы тәуелсіздік күніне арналған «Назарбаев моделі: стратегиялық ынтымақтастық және жаһандық келісім» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференциясына қатысуға шақырады.

Конференцияда Елбасының сыртқы саяси бастамалары, Қазақстанның көпвекторлы бейбітсүйгіш саясаты аясында саяси, экономикалық, құқықтық, тарихи, мәдени, социологиялық және басқа мәселелерді талқылау ұсынылады.

 Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

  1. Қазақстанның көпвекторлы саясаты аясындағы Елбасының сыртқы саяси бастамалары
  2. Антиядроляқ қозғалыс және Қазақстанның көшбасшылығы
  3. Түркі ықпалдастығы: тарихи тәжірибе және Қазақстанның бастамалары
  4. Шиеленіскен халықаралық қатынастар жағдайындағы ұлттық, аймақтық және жаһандық қауіпсіздік мәселелері
  5. Еуразиялық экономикалық ықпалдастық: проблемалары және болашағы
  6. Шекара маңындағы ынтымақтастық және аймақаралық байланыстар: экономика, саясат, адам факторы
  7. Орталық Азия ықпалдастығы: жаңа мүмкіндіктер
  8. Жаңа Жібек жолы
  9. Қазақстан және халықаралық ұйымдар: ынтымақтастық қырлары
  10. Жаһандық қауіпсіздік аясындағы Қазақстанның бітімгерлік қарқыны

 

         Конференция жұмысына қатысу үшін өтініш пен баяндама мәтінін 2020 жылдың 10 қарашасына дейін келесі электрондық мекенжайға жіберуді өтінеміз: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.. Өтініш пен мақала мәтіндері бөлек файл түрінде жіберіледі және баяндамашының фамилиясымен аталуы керек (мысалы: ahmetov_zayavka, ahmetov_doklad).

Мәтінге қойылатын көрсетілген талаптарды сақтауды сұраймыз. Электронды нұсқадағы баяндама мәтінін ресімдеуге қатысты талаптар сақталмаған жағдайда Ұйымдастыру комитеті баяндаманы жариялаудан бас тартады.

  • Көлемі 5 - 7 бет.
  • Шрифт: қаріп түрі– KZ Times New Roman, кегль – 14, жалаң жоларалық интервал; абзац – 1,25 см, абзац автоматты түрде қойылады.
  • Азат жол: жоғарғы және төменгі – 20 мм, сол жағы – 30 мм, оң жағы – 15 мм.
  • Баяндама атауы – бас әріптермен, туралау – ортасы бойынша.
  • Төменірек оң жиек бойынша бір азат жолдан соң: автордың аты-жөні – курсивпен, жартылай қою қаріппен (кез келген автор үшін – алдымен тегі, аралық, одан соң аралық қалдыру арқылы аты-жөні жазылады). Келесі жолда симметриялық түрде оң жиектен курсивпен – қызметін көрсету (лауазымы), мекеме атауы, ғылыми дәрежесі, келесі жолда симметриялық түрде – мемлекет пен қаланы және электрондық мекенжайды көрсету қажет.
  • Мәтіндегі сілтемелер тізімдегі дереккөздердің реттік нөмірі және үтір арқылы парақ нөмірі көрсетілген тік бұрышты жақшалармен белгіленеді, мысалы: [4, 89 б.].
  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мәтін соңында жазылады және бос жол арқылы бөлінеді. Тізімдегі дереккөздер дәйексөздердің мәтінде қолданылуына қарай көрсетіледі. 
  • Тырнақшалар «» белгісімен белгіленеді; көрсетілген даталардағы ғасырлар – рим цифрымен, жыл – араб цифрымен жазылады.
  • Әдебиет сілтемелер түрінде көрсетіледі, абзацты аралық арқылы жазуға болмайды.

 

Конференция тақырыбына сәйкес келмейтін,  Антиплагиаттан өтпеген мәтіндер (жаңалықтың 70%-нан аз) жариялануға қабылданбайды.Конференция жұмысының қорытындысы бойынша конференция материалдарының электрондық жинағы шығады (басылым тегін).

                                                            

Конференцияның үйлестірушілері:

Қайыпова Ботагөз Мұттахиденқызы 8(7172) 69 30 04

Исинова Кунсұлу Серікқызы 8(7172) 69 30 60, +7 701 137 46 79

Карагизова Гүлден Болатқызы 8 (7172) 69 30 65, +7 701 355 13 63

Мусина Назира Қасымжанқызы 8 (7172) 69 30 67, +7 747 171 25 38

Әлеуметтік-ағартушылық және білім беру жобалары қызметі

E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Конференцияға қатысуға шақырамыз!

Скачать Форму заявки

Печать