Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті 2021 жылы 14 сәуір күні сағат 10:00-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ 80 жылдығына және "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзе

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІ 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті 2021 жылы 14 сәуір күні сағат 10:00-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ 80 жылдығына және "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыруға арналған «II Абылайхан оқулары» атты конференция өткізеді.

Конференцияның мақсаты: Әлемдік даму контекстінде қазақ мемлекеттілігінің тарихы негізінде Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Қазақстан Республикасының даму тәжірибесін, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ 80 жыл ішіндегі жетістіктерін, Абылай хан қызметінің рөлі мен маңызын, сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырылуын талдап қорыту.

Конференция жұмысының негізгі тақырыптық бағыттары:

- Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы: тарих беттері және қазіргі заман;

- Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ: 80 жылдық білім мен жаңалықтар;

- Қазақстан халқы Ассамблеясының ел бірлігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі;

- Абылай-дипломат және саяси көшбасшы;

- Абылай хан басқарған кезеңдегі Қазақ хандығы және оның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы;

- Абылай ханның Қазақ мемлекеттілігін нығайтудағы рөлі мен орны;

- Абылай ханның тарихи бейнесі және оны қазіргі кезеңде қабылдауы;

- «Рухани жаңғыру» бағдарламасы: қоғамдық сананы жаңғырту, рухани саланы трансформациялау, біріктіруші жалпыұлттық құндылықтарды, қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тереңдету.

Конференцияға қатысуға ҒЗИ ғылыми қызметкерлері, ЖОО оқытушылары, докторанттар, магистранттар, студенттер және т.б. шақырылады.

 Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс, ағылшын.

Жұмыс форматы: Microsoft Teams бағдарламасы негізіндегі онлайн-конференция (идентификатор:).

Конференцияны өткізу уақыты: 14 сәуір 2021 жыл, сағат 10.00.

 Мақалаларды рәсімдеу ережелері:

 Баяндама мәтіні (5-6 бет) Word 10 (13, 16, 19) редакторында терілуі тиіс, “Times New Roman" шрифтімен (шрифт өлшемі-12, жоларалық интервал–1,5, барлық жағынан–20 мм) азат жол басында стандартты -1,25 см.

Бірінші жолда жоғарғы сол жақ бұрышында ӘОЖ индексі көрсетіледі. Ортасында-баяндаманың атауы бас әріптермен қалың шрифтпен жазылады. Бос орын қалдырып автордың аты-жөні және тегі қалың шрифтпен жазылады. Келесі жолда-ұйымның, жұмыс орынның, қаланың атауы және автордың электрондық мекен-жайы. Бұдан кейінгі қатарда  аннотация мен түйінді сөздер (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) беріледі.

 Аңдатпа 180-250 сөзден, түйінді сөздер - 10-нан көп болмауы керек, егер мақала қазақ тілінде болса - аңдатпа «Әдебиеттен» кейін, егер орыс тілінде – аңдатпа  «Әдебиеттен» кейін орналастырылады . kaz және rus тілдеріндегі варианттарынан кейін ағылшын тіліндегі аңдатпа кілт сөздер мақаланың тақырыбы, автордың аты - жөні, қызмет ететін мекемесі және  дәрежесі келеді.

Негізгі мәтін бір жолдан кейін басталады. ГОСТ 7.80-2000 Мемлекетаралық стандартына сәйкес пайдаланылған әдебиеттер тізімі жасалады.

Конференцияға арналған баяндамалар өзекті ғылыми зерттеулердің нәтижелерін қамтуы және практикалық маңызы болуы керек.

Баяндамалар (тақырыптық бағытты көрсете отырып) төменде көрсетілген электрондық мекен-жайға жіберіледі. Ұйымдастыру жарнасын төлеу туралы құжат электрондық пошта арқылы құжаттың IPEG (ipg) немесе pdf форматындағы сканерленген бейнесі түрінде ұсынылады. Көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін немесе белгіленген мерзімнен кеш жіберілген материалдар қаралмайды және авторға қайтарылмайды.

 Мақалаға тіркеу формасы қоса беріледі:

АӘТ.__________________________________________

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы:______________________

Жұмыс орны:____________________________________

Мекен жайы:___________________________________________

Телефон:_________________________________________

Е-mail:___________________________________________

Баяндама атауы, тақырыптық бағыты: __________________________

Автордың конференцияға қатысу мүмкіндігі:________

Баяндаманы және тіркеу формасын ұсыну мерзімі  2021 жылдың 7 сәуіріне дейін.

Конференция материалдарын жинақ ретінде шығару жоспарлануда. Ұйымдастыру жарнасы: білім алушылар үшін (студенттер, магистранттар, докторанттар) – 2000 теңге, ПОҚ үшін – 3000 теңге.

АҚ «Абылай хан ат.ҚХҚжәнеӘТУ»

050022, Алматы қ,  Мұратбаев көш., 200, 

БИН 011140001654           

ИИК KZ 358560000000010712

АО «БанкЦентрКредит»

БИК КСJB KZ KX     

КБе 16

 Конференцияға қатысу үшін “II Абылай хан оқулары" атты белгісімен есеп айырысу шотына жарна аудару арқылы енгізіледі.

Конференцияны ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 050022, Алматы қ., Мұратбаев к-сі, 200, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Халықаралық қатынастар факультетінің қазіргі Қазақстан тарихы және дүниетаным пәндері кафедрасы.

Қарабаева З. М., Әли Б.Қ., Чатыбекова К.К., Мәулен А.

E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 Конференцияға қатысу үшін өтінімдер электрондық нұсқада 7 сәуірге дейін e-mail-де қабылданады: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., bota.alieva@mail,ru, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.,

 Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына немесе қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін материалдарды қабылдамауға құқылы.

 ӘОЖ 91(574)

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ   АЙМАҚТЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ   

Жумабаева Б.К., саясат.ғ д., профессор

 Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Алматы, Казахстан, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 Аңдатпа: 180-250 сөз

Түйін сөздер:  10  көп болмау керек

 Мәтін ….

 COVID-19 пандемиясы әлем елдердегі жасырын мәселелерді анықтады, сонымен бірге дамуға жаңа мүмкіндіктер жол ашты және ашады [1].

 Литература / образец

  1. Irnazarov F., Vakulchuk R. Discovering Opportunities in the Pandemic? Four Economic Response Scenarios for Central Asia. ilkroadstudies.org/publications/silkroad-papers-and-monographs/item/13380-discovering-opportunities-in-the-pandemic?-four-economic-response-scenarios-for-central-asia.html. 15.01.2021.
  2. Бижанов В.К. Китайская инициатива «Экономический пояс Шелкового пути»     // Вестник КазНПУ им. Абая. Серия «Исторические и социально-политические науки». – 2019.- № 3.
  3. Старр С.Ф. Утраченное Просвещение: золотой век Центральной Азии от арабского завоевания до времен Тамерлана. – М.: Альпина Паблишер, 2016. – 574 с.

 Құрметпен, ұйымдастыру комитеті

Печать