“Тіл және мәдениетаралық коммуникация” атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференция

АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер, докторанттар және магистранттар!

2021 жылы 16 сәуір сағат 10.00-де Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, Мемлекеттік тілді дамыту орталығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, университеттің 80 жылдығына және Ресей Жаратылыстану академиясының корреспондент мүшесі, Білім беру саласының үздігі, тілші-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Есеналиева Жанар Жорабекқызының 60 жылдық мерейтойына арналған  “Тіл және мәдениетаралық коммуникация” атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференция өткізеді.

Қазіргі қоғамдағы мәдениеттердің өзара әсер ету мәселелері маңызды және өзекті болып табылады. Заманауи лингвистикалық мәдени кеңістік тілдер мен мәдениеттер арасындағы өзара әрекеттесу мен трансформацияның ажырамас жүйесі ретінде қарастырылады. Конференция тақырыбы және конференция материалдары бойынша электронды жинақ тіл мамандарына, ЖОО оқытушыларына, студенттер мен магистранттар үшін пайдалы болуы сөзсіз.

Конференция аясында мынадай секциялар бойынша жұмыс жүргізу жоспарлануда:

  • Қазақ тілінің тарихы және латын графикасының мәселелері
  • Мәдениетаралық коммуникация және лингвомәдениеттану контекстіндегі заманауи мәселелер
  • Аударма ісінің өзекті мәселелері
  • Мәдениеттер диалогы контекстіндегі әдебиет
  • Шетел және қазақ тілдерін оқыту әдістемесі

 

 Өткізілу формасы: онлайн форматта, ZOOM платформасында

Идентификатор:  82803492817

Коды: 264876

Сілтемесі: https://us02web.zoom.us/j/82803492817?pwd=ZlBrZytSTWRxR0xEem9xd2JTSHBKQT09

 

 

        БАЯНДАМА МӘТІНІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Жариялануға арналған баяндама мәтіні төмендегідей талаптарға сәйкес рәсімделуі қажет:

  1. Баяндаманың көлемі 5-7 бет (формат А4).
  2. Жоғарғы шегі-2 см, төменгі-2 см, оң-1 см, сол-3 cм.
  3. Шрифт: Times New Roman, кегль – 14.
  4. Қатараралық интервал – бірлік.
  5. Баяндама тақырыбы ҮЛКЕН ӘРІППЕН жазылады, содан соң тақырыптың астыңғы жағына автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, жұмыс орны, қаласы (облысы), жеке почтасы жазылады. Қазақ тілінде жазылған мәтін үшін орысша, орыс тілінде жазылған мәтін үшін қазақша түйіндеме беріледі. Тірек сөздер беріледі.
  6. Баяндама соңында әдебиеттер тізімі беріледі. Сілтеме «жақшаға» алынып қайталанған жағдайда реттік нөміріне сәйкес пайдаланған әдебиеттің беті көрсетіледі, мәселен: [6, 2].

            Конференция материалдары арнайы электронды жинақта тегін жарияланады.

    Ұйымдастыру комитеті және редакциялық комиссия конференцияға баяндамаларды таңдау құқығын өзіне қалдырады.

Конференцияға қатысу үшін тапсырыстарды, баяндаманың мәтіндерін сәуір айының 10-на дейін мына мекен-жайға тапсыруларыңызға болады: Алматы қаласы, Мұратбаев көшесі, 200. №1 ғимарат, 330 кабинет. Байланыс телефондары: 8 (7272) 92-03-84; 92-03-85 (ішкі: 3330) немесе электронды пошта бойынша жіберіңіздер: gulsсThis email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Тіркелу формасы

  1. Аты-жөні ___________________________________________________
  2. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы________________________________
  3. Жұмыс орны, қызметі _________________________________________
  4. Мекен-жайы _________________________________________________
  5. Байланыс телефоны __________________________________________
  6. E-mail _______________________________________________________
  7. Баяндама тақырыбы ___________________________________________
  8. Секция ______________________________________________________

 

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ

 

УДК  96(450):244.67      

 

КӨРКЕМ МӘТІНДЕГІ ТІЛДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРДІ ОРТА МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ (Ә.КЕКІЛБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ)

Алмауытова Ә.Б.

 ф.ғ.к.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті,

Қазақстан Республикасы

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

          Аннотация. В данной статье рассматривается актуальность изучения особенностей языковых средств художественных текстов в средней школе  на основе произведении Абиша Кекилбаева

  Ключевые слова: этнокультура, художественный текст, топоним, лексика, роман «Уркер»

Annotation.This article examines the work of Abish Kekilbayev, their relevance and methods of teaching in secondary shools

Keywords: Language culture, ethnoculture, artistic text, toponym, lexis, «Urker» novel

 

Мақала мәтіні..........

Казіргі тіл білімінде ұлттың рухани-мәдени қазынасы ретіндегі тілді зерттеудің ауқымы кеңейе түсуде. Оның себебі: әр тіл - өз бойында ұлт тарихын, тіл мәдениетін, танымы мен талғамын, мінезі мен санасын, кәсібі мен салтын, дәстүрі мен даналығын тұтастықта сақтаған таңбалық жүйе. Осындай мазмұнды құрылымына сәйкес ол жай таңбалық жүйе емес, мәдениет. Сондықтан оны зерттеуде дәстүрлі құрылымдық лингвистиканың мүмкіншілігі шектеулі. Себебі, бұл арада тілдің қызметі тек коммуникативтік емес, ол (тіл) – этномәдени ақпаратты жинап, сақтаушы, жеткізуші, келесі ұрпаққа жалғастырушы, сайып келгенде бір бүтін етіп тұтастырушы. Сондықтан да қазіргі қазақ тіл білімінде тіл мен мәдениет сабақтастығын, атап айтқанда, тілдің бойындағы ұлттық сипатты, ұлттық рухты тануға негізделген когнитивтік лингвистика, оның лингвомәдениеттану, этнолингвистика т.б. салалары өріс алып келе жатыр [1, 55].

 

Әдебиеттер тізімі:

 

         1 Қайдаров Ә.Т. Тарихи лексикология және этнолингвистика. //Қазақ тілі тарихи лексикологиясының мәселелері. –Алматы, 1998.

         

Печать