«Қазіргі еңбек аксиологиясы: мәселелер мен перспективалар» атты дөңгелек үстел

Құрметті әріптестер!

2021 жылдың 29 сәуірінде, 2020-2021 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ҒК гранттық қаржыландыру бойынша ғылыми жобаны іске асыру шеңберінде «Қазақстанның әлеуметтік модернизациясы жағдайындағы еңбек және басқару этикасы» жобаның аясында «Қазіргі еңбек аксиологиясы: мәселелер мен перспективалар» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылады

Сізді дөңгелек үстел жұмысына қатысып, баяндама (хабарлама) жасауға шақырамыз.

Талқылауға мынадай тақырыптар ұсынылады:

- түрлі ұлттық мәдениеттер мен діндерде қалыптасқан еңбек және басқару салаларына қатысты жүйелерге салыстырмалы талдау әдістері;

- ұлттық экономиканың мақсаттары мен мүдделері, индустриялық-инновациялық өндірістің жаңа қырлары сияқты маңызды параметрлер шеңберінде еңбек қызметінің мәні мен этикалық мотивтері;

- өндірісті ұйымдастыру және басқару саласындағы жұмысшылардың этноконфессиялық сипаттамалары;

- басқару мәдениетінің мәні мен қазіргі заманғы менеджменттің сипаттамалары;

- еңбек және басқару саласындағы гендерлік еркшеліктер.

Дөңғелек үстел жұмысына қатысу үшін 2021 жылдың 25 сәуіріне дейін ұйымдастырушыларға қатысушы туралы мәлімет, соның ішінде баяндама (хабарлама) тақырыбын салып жіберуді өтінеміз.Баяндамаға 15 мин. дейін, ал хабарламаға 5 мин. дейін уақыт қарастырылған.

Дөңгелек үстел онлайн режимінде, 29 сәуір күні сағат 16-00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен), Microsoft Teams платформасы негізінде, «Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ философия кафедрасының ғылыми семинары» ашық командасында өтеді.

Ұйымдастырушылардың байланыс контакттары:

Әубәкіров Еркін Нысанбекұлы (87773836967, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.)

Адаева Гүлнәр Аманбекқызы (87758263759, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.)

Телебаев Ғазиз Тұрысбекұлы (87775298770, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.)

Печать