Көптілділік заманауи білім берудің басымдықтарының бірі: жағдайы мен болашағы

Кеше 20 қазан күні «Өрлеу» БАҰО» «Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» АҚ филиалының   ұйымдастыруымен онлайн форматта Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Көптілділік заманауи білім берудің басымдықтарының бірі: жағдайы мен болашағы" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Бүгінгі таңда әртүрлі мәдениеттер мен тілдерді қамтитын көпұлтты қоғам біздің республикамыздың сөзсіз артықшылығы мен игілігі болып табылады. Қазақстандағы көпмәдениетті білім беру қазіргі уақытта арнаулы орта және жоғары білім беру жүйесіндегі басты бағыттардың бірі. Конференцияның мақсаты - республиканың білім беру ұйымдарында көптілділікті енгізу мәселелері бойынша проблемаларды сындарлы талқылау және тәжірибе алмасу.     

Конференцияға   білім беру ұйымдарының ғалымдары, басшылары, орта, арнулы орта және жоғары оқу орындарының оқытушылары, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының профессорлары мен оқытушылары шақырылды.

Конференцияны  "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" АҚ Басқармасының төрағасы, PhD Мухаметжанова А.З. ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.  Сондай-ақ құттықтау сөздерін АҚШ Бас консулының баспасөз, мәдениет және білім жөніндегі кеңесшінің орынбасары Чад Киннир, Франция Елшілігінің мәдениет және ынтымақтастық жөніндегі кеңесшісі Алекс Бортолан, Алматыдағы Ресей Федерациясы консулдығының өкілі Қазақстандағы Ресей ынтымақтастық өкілдігі басшысының орынбасары Барышникова Т.В,  Орта Азияның Француз Альянстары желісінің үйлестірушісі Вивьен Фуке  айтты. Конференцияда   ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының Орталық Азия білім беру бағдарламасының Білім беру мәселелері жөніндегі халықаралық сарапшы-кеңесшісі Атанасия Стоянова,  Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Қоңырова Ақбота Тұрағулқызы, Тәжікстан білім академиясы, Вице-президент Каримова И.Х., М. Әуезов  атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің профессоры Алметов Н.Ш., Моңғолия білім беру институтының мұғалімдерді дамыту орталығының секторы бастығы, Ph.D Ухнаа Туяа,  ғылыми қызметкер, Ph.D Хийс Гансүх, ЮНЕСКО тәуелсіз сарапшысы, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының доценті PhD Сәуле Зейнолла, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушы педагогикалық ғылымдарының магистрі Хамимульдинова Ляйля Жексенқызы және т.б. баяндама жасады.

БРОШЮРА

Печать