«Мәдениетаралық коммуникация және тілдер мен мәдениеттердің функционалдық-прагматикалық зерттелуі» тақырыбындағы республикалық Дөңгелек үстел 15 сәуір 2021 ж.

2021 жылы 15 сәуірде Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті мен Аударма және филология факульті, жоғары оқу орнынан кейінгі  білім беру кафедрасы, аударма және мәдениетаралық коммуникация және шетел филологиясы теориясы кафедралары бірлесіп Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 80 жылдығына арналған ғылыми іс-шаралар циклі шеңберінде «Мәдениетаралық коммуникация және тілдер мен мәдениеттердің функционалдық-прагматикалық зерттелуі» тақырыбында  онлайн форматта республикалық Дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге аталмыш университеттің жетекші ғалымдары, докторанттары мен магистранттары, сондай-ақ Қазақстанның басқа да жоғары оқу орындарының магистранттары, атап айтқанда, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Нұр-сұлтан) мен А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеттерінің  (Шымкент) өкілдері қатысты.

Continue Reading

Печать E-mail

«Түрік тілін онлайн оқытудағы ақп­араттық технологияла­рдың тиімділігі» атты Республикалық онлайн семинар

15 сәуір сағат 11:00-де Абылай Хан атындағы ҚазХҚжәне­ӘТУ-нің 80 жылдық мерей тойы қарсаңында Шығыстану факультеті, Шығыс филологиясы кафедрасы Түрік тілі бөлімінің ұйымдасты­руымен «Түрік тілін онлайн оқытудағы ақп­араттық технологияла­рдың тиімділігі» атты Республикалық онлайн семинар өтті.

Continue Reading

Печать E-mail

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ 80 жылдығына және "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыруға арналған «II Абылайхан оқулары» атты халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция

14 сәуір күні Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, ҚазХҚжәнеӘТУ 80 жылдығына арналған "II Абылайхан оқулары" атты онлайн халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысын бастады. Абылай хан және "Рухани жаңғыру"бағдарламасын жүзеге асыру. Бұл ғылыми іс-шараны  ұйымдастырушы Қазақстан тарихы кафедрасы. 

Continue Reading

Печать E-mail

Баишев университетінің магистранттары (Ақтөбе) Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-де ғылыми тағылымдамадан өтті

Баишев университетінің «7М01719-Шетел тілі оқытушыларын даярлау (ғылыми-педагогикалық бағыт)» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранттары 2021 жылдың 29 наурызынан 9 сәуіріне дейін қашықтықтан білім беру технологияларын (ДОТ) қолдану арқылы «Когнитивті-лингвомәдени әдістеме негізінде шет тілдік білім беруді модернизациялау» қолданбалы зертханаларының негізінде ғылыми тағылымдамадан өтті.

Continue Reading

Печать E-mail

Республикалық әдістемелік семинар «Шетелдік білім берудің қазіргі заманғы әдістемесінің өзекті мәселелері»

2021 жылы 8 сәуірде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті мен кафедрасы, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-нің 80-жылдық мерейтойы арналған,  І ҒЗЛ аясында  «Қазіргі заманғы шетел тілдерін оқыту әдістемесінің өзекті мәселелері» атты республикалық әдістемелік семинар өткізді. Когнитивті-лингвомәдени әдістеме негізінде шет тілдік білім беруді модернизациялау». Оған университеттің жетекші ғалымдары, сонымен қатар Қазақстанның жоғары оқу орындарының магистранттары мен докторанттары, атап айтқанда, Бәйішев университетінің (Ақтөбе), академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің (Шымкент) өкілдері қатысты.

Continue Reading

Печать E-mail

«Бірыңғай Азия – біртұтас әлем» жобасы аясындағы онлайн дәрістер

Халықаралық қатынастар факультетінде «Eurasia Foundation» Жапондық қоры қаржыландыратын «Бірыңғай Азия – біртұтас әлем» жобасы аясында шетелдік және отандық профессорлармен тұрақты онлайн дәрістер мен кездесулер ұйымдастыру дәстүрге айналды. «Eurasia Foundation» қорының төрағасы, меценат Yoji Sato: «Иә, әлем күрт өзгерді және біз түрлі салалардағы өзгерістерге бейімделуіміз керек.

Continue Reading

Печать E-mail

TOEFL ITP

Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ жанындағы Шетел тіліндеріне дайындайтын орталық TOEFL ITP тестілеуін 12 мамыр 2021ж. өткізеді (халықаралық сертификат). Тестілеу баағасы – 45 000 теңге.

Байланыс: Алматы қ., Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ

Шетел тілдеріне дайындайтын орталық

3 оқу корпусы, 201 каб.

Тел: 8 705 146 66 99, e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Печать E-mail

Шет тілдері бойынша республикалық студенттік олимпиада

2021 жылдың 8-9 сәуірінде «Шет тілдері» мамандықтар тобы бойынша қашықтықтан форматтағы Республикалық студенттік олимпиада өтті:
5В011900 - Шетел тілі: екі шетел тілі
5В021000 - Шетел филологиясы

Continue Reading

Печать E-mail

Онлайн кездесу

Наурыздың 31-і сағат 10:00 - де Шығыстану факультеті Оңтүстік Кореяда корей косметикасын экспорттау бойынша өзінің стартапын іске қосқан кәсіпкер Хен Еленамен онлайн кездесу өтті.

Біздің факультеттің түлегі ретінде Елена университеттен Кореядағы кәсіпкерге дейінгі жолы толығымен айтылып берілді, студенттермен өз тәжірибесімен бөлісті: Кореяда бизнесті қалай ашуға болады, қаржыландыруды қайдан табуға болады, қандай қиындықтар туындауы мүмкін.

Continue Reading

Печать E-mail

Дөңгелек үстел «Бәсекеге қабілетті маман болу – заман талабы»

30.03.2021 жылы Шығыстану факультеті Шығыс филология кафедрасының араб тілі бөлімінің  ұйымдастыруымен  «Бәсекеге қабілетті маман болу – заман талабы» тақырыбы аясында араб тілі бөлімінің түлектерімен және университет студенттерімен дөңгелек үстел өткізілді.

Continue Reading

Печать E-mail

Erasmus+EDUQAS жобасындағы қазақстандық серіктестердің онлайн-кездесуі

2020 жылы 26 наурызда Erasmus+EDUQAS «Университеттерде бизнес-мемлекет ынтымақтастығы арқылы білім сапасын қамтамасыз ету жүйесін енгізу» жобасындағы қазақстандық серіктестердің онлайн-кездесуі өтті 586109-EPP-1-2017-1-RO-EPPKA2-CBHE-SP (2017-2895 / 001-001). Отырысқа Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті және ҚазЭҚХСУ өкілдері қатысты. Кездесуде жобаның барысы, нәтижелерді тарату, сонымен қатар қорытынды есеп беруге дайындық мәселелері талқыланды.

Continue Reading

Печать E-mail

БҰҰ-ң Алматыдағы кеңсесімен бірлесе ТДМ жүзеге асыру жөніндегі бірлескен жоба аясында «Гендерлік теңдік мәселелері» тақырыбында онлайн-дөңгелек үстел

Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру бойынша 2021 жылдың 1 сәуірінде ХҚФ-де «Гендерлік теңдік мәселелері» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті. Бұл іс-шараға БҰҰ-ның Жаһандық коммуникация департаментінің Алматыдағы өкілі - В.Самек, ФМО деканы - Хайруллаева В.Х., Кәсіби. ХҚ Каф. меңгерушісі (жоғары курстар) - Асхат Г., PhD, аға оқытушы Исалиева А., оқытушы Абдразакова Л.Н., модератор - ХҚ магистрі Сағынай Д.А. және «Халықаралық қатынастар» және «Аймақтану» мамандықтарының 4 курс студенттері қатысты.

Continue Reading

Печать E-mail

Ұстаздық еткен жалықпас

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Қазақ филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен  Қазақстан Республикасы «Ы.Алтынсарин» белгісінің иегері, кафедраның аға оқытушысы Ибраева Рауза Бейсенбайқызының 70 жас мерейтойына арналған «Ұстаздық еткен жалықпас» атты онлайн дөңгелек үстел болып өтті.

Continue Reading

Печать E-mail

Дөңгелек үстел: «Студенттерді университеттің сапасын қамтамасыз ету жүйесіне тарту»

2021 жылдың 19 наурызында «Студенттерді университеттің сапасын қамтамасыз ету жүйесіне тарту» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге ҚР Білім және ғылым министрлігі, аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR), Қазақ қаржы экономикасы және халықаралық сауда университеті, студенттік ұйымдардың өкілдері, ҚР ЖОО студенттері қатысты.

Continue Reading

Печать E-mail

«Eurasia Foundation» білім беру қорының аясындағы шетелдік және қазақстандық ғалымдардың онлайн дәрістері

2021 жылдың екінші семестрінің басынан бастап Халықаралық қатынастар факультеті базасында «Eurasia Foundation» жапон қорының Білім беру гранты бойынша «Бірыңғай Азия – Бірыңғай әлем» элективті курсы өткізіледі. Университет ректоры, ҚР ҰҒА академигі Құнанбаева Салима Сағиқызы студенттерімізді әлемдік озық білім беру жүйесіне бейімдеуді және «Адамзаттың біртұтас тағдыры қауымдастығы» тұжырымдамасын ұстануды ұсынады, өйткені ХХІ ғасырдағы адамзат қоғамының даму болашағы шешуші дәрежеде жаңа білімге, технологияға тәуелді. Тиісінше, «Біртұтас Азия – біртұтас әлем» элективті курсы студенттердің мәдениетаралық құзыреттерін қалыптастыруға және Еуразияның мультимәдени қоғамында диалог орнатуға ықпал етеді. Ғаламдық сын-қатерлерге төтеп беру және іс-қимылдың түзету алгоритмін таңдауда халықаралық қауымдастықпен өзара тығыз байланыс ортану қажеттігі туындап отыр. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Жапониядан, Кореядан, Испаниядан және Финляндиядан келген шетелдік профессорлардың өткен дәрістерінде азиялық қоғамдастық елдерінің құзыреттілік модельдері мен одан әрі даму перспективалары туралы сөз болды.

Continue Reading

Печать E-mail

«Біздің айналамыздағы әлем: адам-қоғам-табиғат»

Мәскеу гуманитарлық университетінде  22-26 наурыз аралығында «Біздің айналамыздағы әлем: адам-қоғам-табиғат» тақырыбында Халықаралық ғылыми студенттік конференция өтуде. Конференцияға Мәскеу гуманитарлық университетінің серіктес жоғары оқу орындары қатысты. Атап айтқанда:

  1. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (Қазақстан Республикасы);
  2. Пекин Біріккен университеті (ҚХР);
  3. Шеффилд Халлам Университеті (Ұлыбритания);
  4. Англия Рускин Университеті (Ұлыбритания);
  5. Қауіпсіздік және экономика Жоғары мектебі (Болгария Республикасы);
  6. Полоцк мемлекеттік университеті (Беларусь Республикасы);
  7. Балтық Халықаралық Академиясы (Латвия);

Continue Reading

Печать E-mail

«Университеттің үздік оқытушысы -2020» жеңімпазын марапаттау рәсімі

Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-де «Университеттің үздік оқытушысы -2020» жеңімпазын марапаттаудың салтанатты рәсімі 17 наурызда сағат 12.00-де өтті. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған салтанатты Мәжілістен тікелей байланысқа қосылды. Министр А.К. Аймағамбетовтың ресми құттықтау сөзінен кейін, Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ ректоры Сәлима Сағиқызы ҚазХҚжәнеӘТУ профессоры Байсултанова Кулипа Шарипханқызына медаль және куәлік табыс етті.

Continue Reading

Печать E-mail

Жас полиглот Арсен Шәдимен онлайн-кездесу

15 наурыз күні Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ, Шығыстану факультетінің ұйымдастыруымен жас полиглот Арсен Шәдимен онлайн-сұхбат өткізілді. Онлайн-сұхбат барысында Арсен Шәди мырза көп тіл меңгерудің маңыздылығын және тіл үйренудегі өзінің жеке тәжірибесімен бөлісті. Тіл меңгеру тақырыбы аясында тың әрі қызықты мәліметтермен бөлісіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Арсен Шади мырзаға қызықты және мазмұнды әңгіме үшін алғысымызды білдіреміз!

Continue Reading

Печать E-mail

Дөңгелек үстел

2021 жылдың 16 наурызында Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-нің 80 жылдығына арналған «Білім берудегі информатика және ақпараттық технологиялардың өзекті мәселелері» тақырыбында Білім беруді кәсіби цифрландыру кафедрасының ұйымдастыруымен онлайн дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің шақырылған спикерлері Канат Кожахмет, білім беру, сандық трансформация саласындағы сарапшы, СДУ және Астана IT университетінің бұрынғы ректоры және Сулиев Расим Ниязович, ҚБТУ-нің Ақпараттық технологиялар факультетінің деканы болды және кафедраның оқытушылары өзекті тақырыптарда баяндама жасады. Дөңгелек үстелге Университеттің оқытушылары және профессорлары қатысты.

Continue Reading

Печать E-mail

InyazTeam командасы «АҚШ Бас Консулдығының таңдауы» номинациясын жеңді

1-7 наурыз аралығында америкалық бағдарламалар түлектеріне арналған Онлайн Тимбилдинг сайысы онлайн режимде өткізілді. Оған 70 астам адам 20 команда құрып, мәреге 19 команда мен 68 қатысушы жетті.

Сайыстың негізгі тапсырмалары комьюнити құру, өз жобаларын жасап ұсыну, басқа да тапсырмалар орындап, дағдыларын дамыту және бір-бірімен бас қосып, жұмыс істей білетінін көрсету болып табылатын.

Continue Reading

Печать E-mail

универсиада замена