«Қазақ жастарына – Асыл қазына қара сөз»

Қазақ жастарына – Асыл қазына қара сөз! Осындай тақырыпта наурыз айының 15-жұлдызында жастар тәрбиесіне зор көңіл бөлетін қара шаңырағымыз Аблай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің, Рухани жаңғыру қоғамдық даму орталығының басшысы Сержанов Бауыржан Ерланұлының ұйымдастыруымен руханиятқа толы онлайн кездесу өтті. Аталмыш кездесудің қадірлі қонақтары ретінде халқ өнерінің қара шанырағына айналған «М.О.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының» белгілі актері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Толғанбай Жалғас Қонысбайұлы мен театр және кино актрисасы Тұтова Гүлшат Әбсаттарқызы риясыз сұхббат жүргізді.

Continue Reading

Печать E-mail

«Түрік тілі және менің болашағым» тақырыбында онлайн-сұхбат

11 наурыз сағат Шығыстану факультеті, Шығыс филологиясы кафедрасы Түрік тілі бөлімінің ұйымдастыруымен  «Түрік тілі және менің болашағым» тақырыбында онлайн-сұхбат өтті.

Continue Reading

Печать E-mail

«Eurasia Foundation (from Asia)» Фонды аясында Жапония, Испания, Финляндия профессорларының онлайн лекциялар курсы

Әлемдік ауқымға ие  болған COVID-19 пандемиясына  қарамастан университеттекөптеген іс-шаралар өтіп жатыр. Әлем  білім экономикасына бет бұрып жатқаны шындық.Бүгін біз осы жылдың 1 ақпанында басталған «Бір Азия - бір әлем» элективті курсының ерекшеліктері туралы айтқымыз келеді. Жапондық«Еуразия қорының» бөлінген білім гранты және цифрландыру, пандемия және оның қоршаған әлемге әсері дәуіріндегі білім беру тәжірибесі үшін  жоғары оқу орындарының миссиясы қазіргі заманғы қоғамның құндылықтары мен мақсаттарымен қатар, еңбек нарығындағы және әлемдегі жағдаймен бірге жыл сайын өзгеріп отырады.

Continue Reading

Печать E-mail

Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дың 80 жылдығына арналған "SDGs - our common interests" Онлайн-дөңгелек үстелі

2021 жылдың 15 наурызында сағат 11:00 - де Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ - нің 80 жылдығына арналған "SDGs-our common interests" тақырыбында онлайн-дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс-шараға БҰҰ - ның Алматыдағы жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі - Властимил Самек, Халықаралық қатынастар факультетінің деканы Хайруллаева В.Х., Халықаралық қатынастар кәсіби кафедрасының меңгерушісі (аға курстар)-Асхат Г., «Қазақстанның қазіргі тарихы» кафедрасының меңгерушісі Шайморданова З.Д., кафедраның профессорлық - оқытушылық құрамы, дөңгелек үстел модераторы-  ХҚ магистрі Абдразакова Л.Н. қатысты.

Continue Reading

Печать E-mail

«Шетелдік білім берудің заманауи әдіснамасының өзекті мәселелері» тақырыбындағы республикалық «дөңгелек үстел»

2021 жылы 3 наурызда 14.30-да «Шетелдік білім берудің қазіргі заманғы әдістемесінің өзекті мәселелері» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өтті. Бұл іс-шара Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Академик Ә.Қуатбеков атындағы халықтар достығы университеті, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеттерінің магистранттарының ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламасы шеңберінде Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ «Шетелдік білім беруді когнитивті - лингвомәдени әдіснамасына негізделген модернизациялау» ғылыми-зерттеу зертханалары негізінде өтті.

Continue Reading

Печать E-mail

«Focus on research and aspects of teaching a FL» онлайн дәріс

Аударма және Филология Факультеті Ноттингем Трент Университетінің (Ұлыбритания) профессоры PhD Глория Гутьеррес Альмурзамен бірлесіп, 2021 жылдың 22 ақпан және 5 наурыз аралығында университет оқытушылары мен магистрант және докторанттары үшін «Focus on research and aspects of teaching a FL» тақырыбында онлайн дәріс курстарын өткізді. Дәріс барысында ғылыми-зерттеу қызметінің әртүрлі аспектілері интерактивті түрде талқыланып, ғылыми-зерттеу жұмысының негіздемесін жазуға қойылатын халықаралық талаптардан бастап, магистрлік және докторлық диссертация жазу, оның ішінде әдебиеттерге шолу жасау, зерттеу әдіснамасы мен деректерді жинау әдістерін талдау, бастапқы дереккөздерді өңдеу және де зерттеулерде пайдаланылатын деректердің статистикалық талдауына қатысты тақырыптар қамтылды. Сонымен қатар, онлайн-курстың екінші аптасында дәріскер жоғары оқу орындарында шетел тілін оқытудың заманауи технологияларына, сондай-ақ студенттердің мәдениаралық коммуникативтік компетенциясын қалыптастыру мен бағалауға назар аударды.

Continue Reading

Печать E-mail

Speaking Club

2020 жылдың 26 ақпанында "MIA" білім беру орталығынан шақырылған оқытушы Жанпейісов Темірлан Шығыстану факультетінің студенттерімен ағылшын тілінде ауызекі практикалық пікірталас өткізді.

Көп назар еркін сөйлеуді түсінуге бөлінді. Кездесу соңында студенттер ағылшын тіліне қатысты керекті сұрақтарын қойды. "IELTS" - қа дайындалу тақырыбына ерекше назар аударылды.

 Қызықты және танымдық кездесу үшін Жанпейісов Темірланға алғысымызды білдіреміз!

Continue Reading

Печать E-mail

Халықаралық БҰҰ Конференциясы Моделі (онлайн)

2021 жылдың 27 ақпанында Kazumo_MUN клубы мүшелерінің ұйымдастыруымен аса жоғары деңгейде Халықаралық БҰҰ Моделі Конференциясы өтті. Оған әлемнің бес континентінен делегаттар қатысып, "Пост-COVID-19 кезеңіндегі әлемді дамытудың жолдарын" іздестіруде күштерін біріктірді.

Continue Reading

Печать E-mail

Халықаралық онлайн ғылыми-практикалық конференция «Тәуелсіз Қазақстанның трансформация үдерісіндегі дамуының өзекті мәселелері»

2021 жылғы 23 ақпанда философия ғылымдарының докторы, профессор Бөлекбаев Сағади Байұзақұлының 75 жылдық мерейтойына арналған "Тәуелсіз Қазақстанның трансформация үдерісіндегі дамуының өзекті мәселелері" атты халықаралық онлайн ғылыми-практикалық конференция өтті. Аталған ғылыми іс-шараны жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті мен кафедрасы ұйымдастырды.

Continue Reading

Печать E-mail

Online TALK

2021 жылдың 19 ақпанында, Шығыстану факультетінде IELTS - емтиханын сәтті тапсырған және жапон мектебінде оқушыларды бұл емтиханға даярлау тәжірибесі бар студент Жумагелдина Аружанмен «IELTS» тақырыбында онлайн ӘҢГІМЕЛЕСУ кешін өткіздік.

Аружан бұл емтиханды тапсыру оқиғасымен, дайындық кезінде пайдасы көп тиетін кеңестерімен: қажетті оқулықтармен, оқу ресурстарымен және бейнематериалдармен бөлісті.

Сонымен қатар Аружан студенттердің емтихан тапсыру тәртібі туралы сұрақтарына жауап берді.

Шығыстану факультеті Жұмагелдина Аружанға осы конференцияға қатысып, пайдалы ақпарат пен тәжірибесімен бөліскен үшін алғыс білдіреді.

Continue Reading

Печать E-mail

Университетте «Бір Азия - бір әлем» элективті курсы жапон елінің «Евразия қоры» бөлген білім гранты бойынша жұмысын сәтті жалғастыруда

Халықаралық қатынастар факультеті «Бір Азия - бір әлем» элективті курсының аясында шетелдік және қазақстандық жетекші ғалымдардың апта сайынғы онлайн-дәрістеріне университет студенттері мен магистранттары қызығушылық білдіруде.  2021 жылы 12 ақпанда Университетте Корея Республикасынан профессоры Myong Soon-ok «Азия қоғамдастығы аясындағы бірлік» тақырыбында онлайн дәріс өткізді. UNITED ASIAN COMMUNITY жобасының үйлестірушісі, Халықаралық қатынастар факультетінің деканы, т.ғ.д., доцент Хайруллаева В.Х. дәріскерді тыңдаушыларға таныстырып, оның мәдени және антропологиялық зерттеулерінің ғылым мен білім саласындағы маңыздылығын атап өтті. Сеул университетінің антропология ғылымдарының докторы, профессор Myong Soon-ok Азиядағы мәдени антропология саласындағы жетекші маман, сонымен бірге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры.

Continue Reading

Печать E-mail

«Қазақстанның үздік магистранты-2020»

2020 ж. 10 желтоқсанда Нұр-сұлтан қаласында «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен «Bilim-orkenieti» республикалық Қазақстан педагогтарының біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы бірігіп, ғылым магистрларын қолдау үшін қолға алынған «Қазақстанның үздік магистранты-2020» атты магистрлардың 2020 жылға арналған байқауын ұйымдастырған еді. Бұл республикалық байқауға Абылай хан атын. ҚазХҚжӘТУ-дің «шығыстану» мамандығының 2 курс магистранты Мубашева Камила, т.ғ.к., доцент Есеркепова Ж.О. ғылыми жетекшілігімен қатысқан болатын. Нәтижесінде, Мубашева М. І дәрежелі диплом, медальмен марапатталып, өмірбаяны мен ғылыми жұмысы «Қазақстанның үздік магистранты - 2020» кітабында жарық көрді. Біздің магистрантымызды шын жүректен құттықтаймыз!

Continue Reading

Печать E-mail

Лингвистикалық клуб жұмысын жалғастыруда

Жас ғалымдарды дамыту және ынталандыру мақсатында Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ жанында 2020 жылдың қазан айында ұйымдастырылған «Лингвистикалық клубы» жұмысын жалғастыруда. «Шетел филологиясы» мамандығының магистранттары магистрлік диссертациялардың бағыттарымен қатар жалпы лингвистикалық үдерістеріне терең қызығушылық танытады. Пәнаралық интеграция лингвистика саласына тікелей әсер етеді. Когнитивтік лингвистика, нейролингвистика, когнитивтік және прагма-социолингвистикалық аспектілер үйірме қатысушыларының белсенді талқылау кезеңінде.

Continue Reading

Печать E-mail

Ноттингем Трент университетінің профессоры Глория Гутиеррес Альмурзамен онлайн-курс

Аударма және филология факультеті Ноттингем Трент Университетінің профессоры, PhD Глория Гутьеррес Альмурзамен ақпанның 22 мен наурыздыі 5 аралығында онлайн-лекция өткізеді.

Continue Reading

Печать E-mail

Университет жапондық «Eurasia Foundation» қорының білім гранты аясында «Біріккен Азия – бір әлем» элективті курсын бастады

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ 80 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар аясында 1 ақпанда студенттер мен магистранттарға арналған «Ашық Азия» элективті курсы басталды. Курс студенттердің қалауы бойынша барлық курстардың 2020-2021 оқу жылының екінші семестрінде онлайн форматта өтеді.

Continue Reading

Печать E-mail

ҚазХҚжӘТУ студенттерінің Мюнхен тілдер және аударма институтындағы (ГФР) сабақтарға онлайн қосылуы

Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ университетінің жоғары білікті мамандарын дайындаудағы негізгі бағыттардың бірі – халықаралық ынтымақтастықты нығайту және шетел жоғары оқу орындарымен мәдениетаралық байланыстарды дамыту. Серіктес жоғары оқу орындарындағы академиялық ұтқырлық, оқытушылардың тағылымдамасы, ортақ жобалар мен конференциялар университетіміздің халықаралық қатынастар алаңындағы өмірінің айнымас бөлшегі болып табылады. Қашықтықтан оқыту шарттарында ынтымақтастықтың жаңа форматы өзектілік танытып отыр. Бұл –студенттеріміздің шетелдегі серіктес жоғары оқу орындарының онлайн сабақтарына қатысуы.

Continue Reading

Печать E-mail

Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ профессор-оқытушылар құрамының "Bilim Bárine" қоғамдық қорының директорымен кездесуі.

2021 ж. 8 ақпанында «Bilim Bárine» қоғамдық қорының директоры Бубекбаева Жаннат Нұрбайқызы Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ профессор-оқытушылар құрамымен кездесті. Кездесу аясында арнайы мақсаттарға арналған тілді және КЛИЛ оқытуда жаңа ақпараттық ресурстар мен білім беру өнімдерін пайдалану мүмкіндіктері талқыланды. Ж.Бубекбаева академиялық семинарлар мен арнайы оқу курстарына қатыса отырып, медиасауаттылыққа, екіжүзділікті/насихаттауды, стереотиптер мен дезинформацияны тануға; оқушылардың сыни ойлауын, аналитикалық және коммуникативтік дағдыларын жақсарту стратегиясына баса назар аудара отырып, ПОҚ педагогикалық шеберлігін жетілдіру үшін мүмкіндігін атап өтті. Жаннат Бубекбаева қор ұсынатын медиасауаттылық курстарының мазмұны АҚШ Елшілігі жанындағы ағылшын тілі бағдарламаларының өңірлік офисі сарапшыларының қатысуымен әзірленгенін атап өтті.

Печать E-mail

Онлайн форматта ашық есік күні

4 ақпанда ҚазХҚжӘТУ онлайн-форматта ашық есік күнін өткізді. Университеттің виртуалды қонақтары негізінен он бірінші сынып оқушылары болды.

 Еліміздегі казіргі жағдайда талапкерлерге Ашық есік күні ерекше қажет болды. Оқуға түсу рәсімі дәстүрлі түрде көптеген сұрақтар туғызады, ал биыл талапкерлер мен олардың ата-аналарын ҰБТ өткізудің жаңа компьютерлік форматы алаңдатты. You Tube арнасындағы хабар таратудағы трпнсляциямызға 150-ге жуық адам қосылды. Көптеген қатысушылар қабылдау комиссиясының өкілдері толық жауаптар дайындауы үшін алдын ала сұрақтар жіберді. Сонымен қатар, талапкерлер мен олардың ата-аналары чат режимінде өз сұрақтарын қоя алды. Барлық талапкерлер ҰБТ-ны онлайн режимде өткізу туралы, ҰБТ тапсыру үшін өтініш беру мерзімі туралы, ҰБТ-ның ең төменгі балдары, бейінді пәндер және гранттар туралы маңызды ақпарат алды. Сондай-ақ, трансляция кезінде болашақ талапкерлер біздің университет туралы, академиялық ұтқырлық бойынша оқу мүмкіндіктері туралы білді.

Continue Reading

Печать E-mail

Құттықтаймыз!!!

«Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ» АҚ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің деканы - Байсұлтанова Күлипа Чарипханқызын «ЖОО-ның үздік оқытушысы-2020» атағының иегерлерінің бірі болып атанды.
Күлипа Чарипханқызын шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз!!!

Continue Reading

Печать E-mail

«Ғылымның заманауи тенденциялары мен әдіснамалық мәселелері» атты теориялық-әдістемелік семинар

Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы  2020 жылдың 28 желтоқсанында on-line режимде «Ғылымның заманауи тенденциялары мен әдістемелік мәселелері» тақырыбында теориялық-әдістемелік семинар өткізді. Семинарда тіл білімінің әдіснамалық мәселелері мен білім беру әдіснамасы қаралып, талқыланды. Семинар Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ 80-жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылды.

Continue Reading

Печать E-mail

универсиада замена