Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін қазақ және қытай тілдерінде мәнерлеп оқу

Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-дің Шығыстану факультеті мен Конфуций институтының ұйымдастыруымен қазақтың  ұлы ақыны, философы, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай Алматыдағы ЖОО-дар арасында "Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін қазақ және қытай тілдерінде мәнерлеп оқу" атты байқау ұйымдастырылды.

Аталмыш байқауға Абай атындағы ҚазҰПУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Шет тілдер және іскерлік карьера университеті, Халықаралық қазақ-қытай колледжі, Құрлық әскерлерінің Әскери институтының студенттері қатысты. Байқау нәтижесінде 3 орынға ие болған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің студенттері: Советова Мөлдір; Оңланова Жанель; Максут Айдана. 2 орынға ие болған Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-дің студенті Иркеналиев Алихан және Халықаралық қазақ-қытай колледжінің студенті Жүнісова Салтанат; 1 орынға ие болған  Халықаралық қазақ-қытай колледжінің студенті Шорабек Ақарыс.

Печать