«Дипломмен ауылға»

2020 жылдың 12 наурызында Шетел тілдері факультетінің 4 курс студенттері арасында «Дипломмен ауылға» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты - «Дипломмен ауылға» бағдарламасының негізгі ережелерін талқылау және түсіндіру. Іс-шараға құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің адвокаты Павликова А.А., жұмыспен қамту бойынша маман Б.С. Махметов, қатысты.  Талқылау барысында осы бағдарламаға қатысу шарттары, әлеуметтік жеңілдіктер және мансаптық мүмкіндіктер қарастырылды. Студенттер бағдарламаға қызығушылық танытты.

Печать