Құрметті студенттер!

Сіздерге COVID-19 вирусының таралу қаупіне байланысты және өмірлеріңіз бен денсаулықтарыңызды сақтау мақсатында ҚазХҚжӘТУ-де 2020-2021 жылдың күзгі-қысқы білім беру процесі қашықтан оқыту технологиясының көмегімен іске асырылатынын жеткізгіміз келеді.

1 курс студенттері мен басқа жоғары оқу орындарынан ауысып келген студенттер үшін қашықтан оқыту технологиясы мен жүйесімен, сондай-ақ, оқу процессін ұйымдастыру мәселесімен таныстыру мақсатында он-лайн курстар жүргізіліп, порталмен жұмыс істеу жөнінде нұсқаулар беріледі.
Жұмысты кедергісіз іске асыру мақсатында 1 курс студенттері WhatsApp топтарына қосылып, сол арқылы қажетті ақпаратты жедел алып отыратын болады.

Печать