2020 жылдың 5 қыркүйегінде онлайн режимінде жапон тілінде 22-ші Қазақстандық шешендік өнер байқауы өтті

2020 жылдың 5 қыркүйегінде онлайн режимінде жапон тілінде 22-ші Қазақстандық шешендік өнер байқауы өтті.

Іс-шараның құрметті қонақтары Жапонияның Қазақстан Республикасындағы

 Төтенше және Өкілетті елшісі Касаи Тацухико, ҚР-дағы Жапония бизнесмендері қауымдастығының төрағасы Казама Тацуя болды. Байқаудың модераторы Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ оқытушысы Андасова Марал Мурзакалиевна, қазылар алқасының мүшесі-Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ оқытушысы Югай Мария Робертовна болды.

Байқауға Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Гумилев атындағы ЕҰУ сияқты жоғары оқу орындарының студенттері мен Ичикава мектебі мен Алматы қаласы мен Нұр-сұлтан қаласының Қазақстан-жапон орталығының оқушылары қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша біздің студенттер келесі жүлделі орындарға ие болды: 2 орын - ҚазХҚжӘТУ Шығыстану факультетінің 3-курс студенті Тлеумурат Азамат, 6 жүлделі орын - Шығыстану факультетінің 4-курс студенті Харакожа Саттигуль, ал 4-курс студенті Азмагулова Анита Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Батырхана Құрмансейіт атынан ерекше сый иегері   атанды.

Іс-шараны ұйымдастырғаны, сондай-ақ студенттерді осы конкурсқа дайындағаны үшін жапон тілі оқытушыларына алғысымызды білдіреміз.

Біз студенттерімізді жеңістерімен құттықтаймыз және алдағы уақытта жеңіс пен табыс тілейміз!

Печать