Құрметті оқырмандар!

Пайдаланушылардың электрондық кітапхана ресурстарымен тиімді және ыңғайлы жұмыс істеуі үшін РМЭБ веб-сайтында жаңарту жұмыстары жасалғанын хабарлаймыз.

Сайттың негізгі функциялары (Іздеу, Журналдар, Бейне дәрістер, Біз туралы, Жаңалықтар, Статистика, Сұрақтар-Жауаптар) өзгеріссіз қалды.

«Біз туралы» / «РМЭБ қатысушылары» бөлімінде - ҚР ЖОО-ның ресми сайттарына сілтемелер қосылды.

Электрондық кітапхананың толық мәтінді ресурстарына толық қол жетімді кіруді ҚР-ның ЖОО кітапханаларында және қашықтықтан 2 жолмен алуға болады:

1) Жеке кабинет арқылы ашық қол жеткізу режимінде.

Сайтта тіркелуге университеттің корпоративті электрондық поштасы бар студенттерге, оқытушылар құрамына, РМЭБ қатысушы-университет қызметкерлеріне рұқсат беріледі. Тіркелу үшін пайдаланушы сайтта жеке парақшаны толтырады, Жеке кабинет жасайды - Пайдаланушының жұмысы үшін жұмыс кеңістігі (http://rmebrk.kz/ulogin).

2) «В контакте» әлеуметтік желісіне тіркелу арқылы, қарау және оқу режимінде.

Сондай-ақ, «Ақпараттық ресурстар» парағында өзгерістер енгізілді. Ашық қол жетімді ақысыз ғылыми және білім беру ресурстарына сілтемелер ғылым салалары бойынша жүйеленген.

Жаңа «РМЭБ басылымдары» бөлімі қосылды, оған РМЭБ шығарған мультимедиялық басылымдар кіреді (мазмұны: мәтін, видео, тестілер және т.б.). Ол тек РМЭБ қатысушылары үшін ғана ашық.

Сондай-ақ, жаңартылған сайттың мобильді нұсқасы, қазақ және орыс тілдеріндегі видео нұсқаулық, сайтпен жұмыс туралы дайындалған. Сайтқа арналған мобильді қосымша құру жұмыстары жүргізілуде.

Кітапханалық- ақпараттық  орталық

Печать