«Speaking week»

2020 жылдың 5 қазаны мен 12 қазаны аралығында ҚазХҚжӘТУ университетінің шығыстану факультетінің студенттері мен студенттер кеңесінің белсенділгімен ұйымдастырылған онлайн форматта "Speaking week" өткізілді. Аптаның тақырыбы "Қазіргі әлемдегі Шығыс тілдері" болды. Аталған іс-шараның мақсаты жоғарғы және бірінші курс студенттері мен оқытушылар арасында тілдік және өзінің ойын жеткізе алу дағдыларын жетілдіру болды, сондай-ақ шетелдік оқу орындарынан арнайы қонақтар шақырылды.

Тіл сағаттарына Шығыстану факультетінің 1-4 курс студенттері мен оқытушылар қатысты. Ең белсенді студенттерге алғыс сертификаттары оқытушылар мен ұйымдастырушылар атынан бөліну үшін. Оқытушылар құрамы арасында: Утемисова Алмагүль (қытай тілінің модераторы); Оспанова Маржан және Аксаналиева Жәмиля (корей тілінің модераторлары); Анар Аббас (түрік тілінің модераторы); Салимова Гульнара (жапон тілінің модератор); Қожабекова Шолпан (араб тілінің модератор); Әтейбекова Нұрзия (парсы тілінің модераторы), сондай-ақ арнайы қонақтар ретінде шетелдік жоғары оқу орындарының түлектері мен жоғары оқу орның бітірген студенттер Шади Арсен, Наси Салауат және Ihsan Kocaağa қатысқан болатын.

 Іс-шараның іске асырылуы мен мониторингі үшін Ким Александра мен Наурызбаева Айымға жеке алғыс білдіргіміз келеді.

 

 

 

Tags: Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать