«ONLINE SOHBET» жобасы аясындағы онлайн-сұхбат

14 қазан күні Шығыстану факультетінің «Dilmar» үйірмесінің студенттерге арналған «ONLINE SOHBET» жобамыздың алғашқы қонағы - Шығыстану факультетінің түлегі, Ыстамбул университеті, түрік халық әдебиеті магистрі, Анкара Хаджы Байрам университетінің докторанты, ҚР Анкарадағы елшілігінде аудармашы Лаура Болатова. Айта кетсек Лаура Болатова Қазақстандағы да ірі жобаларда, іс шараларда да синхронды аудармаларға қатысқан.

Онлайн-сұхбатта  студенттер қонағымызға өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойды. Лаура Болатова біздің оқушылардың Түркияның жоғары оқу орындары, магистратура жүйесі, Мевлана жобасы, Түркиянің стипендиялары, түрік мәдениеті жайында қойылған сұрақтарына кеңінен түсіндіріп жауап берді. Студенттер пайдалы және қымбат кеңестер алды. Бұл кездесу қызықты, пайдалы әрі жаңа мәліметтерге толы онлайн-сұхбат болды.

Tags: Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать