«Қоғамдық сананың жаңғыруы контексіндегі қазақстандық қоғамның дамуының жаңа парадигмасы мен жаңа сапасы» атты дөңгелек үстел

2020 жылдың 26 ​​қарашасында сағат 10.00-де «Қоғамдық сананың жаңғыруы  контексіндегі қазақстандық қоғамның дамуының жаңа парадигмасы мен жаңа сапасы»

тақырыбында онлайн-дөңгелек үстел өтті. Оған Қазақстанның әр түрлі қалалары мен университеттерінен танымал ғалымдар, студенттер, магистранттар, докторанттар және университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты. Тақырыптық іс-шараның ұйымдастырушылары «Рухани жаңғыру» орталығының жетекшісі Сержанов Б.Е және халықаралық қатынастар факультетінің Қазақстанның қазіргі тарихы және дүниетаным пәндері кафедрасының профессор-оқытушылары: Шайморданова З.Дж., Карабаева З.М., Чатыбекова К.К., Али Б.К. және Маулен А.Б.

 

 ҚазХҚжӘТУ Ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректор, э.ғ.д., профессор М.У.Успанова құттықтау сөз сөйледі. Ол ғылыми кездесу тақырыбының өзектілігіне тоқталды, шын жүректен барлығына жемісті жұмыс тіледі, ал онлайн дөңгелек үстелдің модераторы - Қазақстанның қазіргі тарихы және дүниетаным пәндері кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор З.Дж.Шайморданова болды.

Конференцияда  ғылыми қызықты баяндамалар тыңдалды.Олар ҚазХҚжӘТУ Халықаралық қатынастар факультетінің деканы, т.ғ.д., доцент В.Х. Хайруллаева «Білімнің салтанаты мен саналық асықтығы-ұлт болашағының көпілі»; Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры А.Ш.Алтаев «Современные методы в процессе преподавания истории»; Геосаяси зерттеулер институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор А.Избаиров «Традиционные мусульманское мировоззрение  казахов и духовная модернизация Казахстана на современном этапе»; «Рухани жаңғыру» орталығының жетекшісі Б.Е. Сержанов «Жаңа қазақстандық модель»; Философия ғылымдарының докторы, профессор З.С. Айдарбеков «Эра независимости и система ценностей в воспитании казахстанской молодежи: новый взгляд на развитие образования»; Тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ.Қ.Чатыбекова «Актуальные проблемы изучения и преподавания истории Казахстана»; Т.ғ.к., доцент Н.Т Жанакова ««Мадени Мура» - Ұлттық Бірегей Жоба»; Т.ғ.к., доцент Б.Н. Жүзтаева «Қазіргі кездегі қазақ стандық сырты саясатына»; Т.ғ.к., доцент  Ғ.А.Шотанова «Междисциплирнарный подход социо-гуманитарных исследованиях: мировой опыт»; ҚазХҚжӘТУ студенттері және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың докторанттары.

 Маулен Айганым Бакытбеккызы

ә.ғ.м,ҚазХҚжӘТУ оқытушысы

Қарабаева Запихан Мұхтаровна

Т.ғ.к., ҚазХҚжӘТУ доценті

Печать