Мемлекеттік бюджет есебінен оқитын студенттермен жұмысты өтеу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жиналысы

Ағымдағы жылдың 30 қарашасы күні Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің «Мансап және халықаралық бағдарламалар менеджменті» бөлімінің маманы мен «Қаржы орталығы» АҚ-мен бірлесіп, мемлекеттік тапсырыс негізінде, ауылдық квота бойынша оқитын университет студенттерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.

Отырысқа  Әкімшілік ұйымдастыру жұмыстары жөніндегі проректор, к.т.н., доцент Нургабылов О.Ш., оқу басқармасының бастығы Мергембаева А.Т. және «Қаржы орталығы» АҚ өкілетті өкілі Серикқалиқызы А. қатысты. Жиналысқа грантта және ауыл квотасында оқитын студенттер қатысты.

«Қаржы орталығы» АҚ өкілетті өкілі Серикқалиқызы А. студенттерге түсіндіру жұмысын жүргізді, студенттер тарапынан көптеген сұрақтар қойылды, сұрақтарға Серікқалиқызы Ақзира анықтап жауап берді.

Бұл кездесуде бітіруші жас мамандар керекті ақпарат алды.

Печать