"Қазіргі Қазақстанның Орталық Азиядағы және әлемдік саясаттағы рөлі" семинары

2020 жылдың 27 қарашасында Халықаралық қатынастар факультетінің кәсіби кафедрасы (жоғарғы курстар) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасымен бірлесіп "5В050500-Аймақтану" және "5В020200-Халықаралық қатынастар" мамандықтарының 3-4 курс студенттерімен "Қазіргі Қазақстанның Орталық Азиядағы және әлемдік саясаттағы рөлі" тақырыбында семинар өткізді. Аталған іс – шараға сарапшы ретінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Кітапханасының халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы, саяси ғылымдарының докторы, профессор Жабина Жансая Рифильевна қатысты.

Бұл іс – шара ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы күніне арналды және Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 80 жылдық мерей тойына орай өткізілді.

Аталған іс-шараға Халықаралық қатынастар факультетінің деканы ф.ғ.д. Хайруллаева В.Х., Халықаралық қатынастар кәсіби кафедрасының меңгерушісі (жоғарғы курстар) PhD докторы Асхат Г., PhD докторы, қауымдастырылған профессор Шукыжанова А.Н., Халықаралық қатынастар кәсіби кафедрасының (жоғарға курстар) студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына жауапты Райымбекова А. А. және 50-ден астам студенттер қатысты.

Халықаралық қатынастар факультетінің 3 курс студенттері Упан Бекзат, Кенжеғалиева Аружан және Нұртілеу Аружан баяндама жасады. Семинар аясында қатысушылар Қазақстанның қазіргі кезеңдегі даму мәселелерін талқылады және Қазақстан Республикасының әлемдік аренадағы рөлін анықтауға тырысты.

Семинар ZOOM платформасында on-line режимінде өтті.

Университет атынан  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы ұжымына және  бізге бөлінген уақыты пен танымдық, қызықты пікірталасы үшін профессор Жабина Жансая Рифильевнаға алғыс білдіреміз!

Печать